Тәрбие сағаты №14
|
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
Сіздің отбасыңызда болашақ азамат,
болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
А.С.Макаренко
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ішкі тыныштық
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
-Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы, жағымды ахуалдың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы»

презентация
|
Ортасы (20 мин)
|
Сіз үшін “Бала деген кім?” әрбір ата-ана өз жауаптарын айтады. (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары
4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
|
Ата аналардың пікірі тыңдалады
|
презентация
|
Соңы
|
«Бағбанның алма бағында» деп аталатын релаксациялық босаңсыту жаттығуын жүргізсек.
Орындарыңыздан тұрып, денелеріңізді бос ұстап, терең дем алып, іштегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар. Енді орындарыңызға жайғасып, өздеріңізге ыңғайлы отырыңыздар. Ал енді, көздеріңізді жұмыңыздар, көз алдарыңызға табиғат көрінісін елестеріңіздер.
Ал, бастаймыз (Музыка қосылады)
Соқпақ жолмен жүріп келесіз....
Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз..
Кенет, алдарыңыздар бақ көрінді.....
Шебер бағбанның баптап өсірген алма бағы ......
Қызыл, сары аламалар қол жетімді жерде ......
Сіз үзіп алып жей бастадыңыз....
Дәмі қандай керемет......
Жеген сайын жегіңіз келеді......
Қалтаңыздан дорба алып, алмаларды жинай бастадыңыз....
Күн кешкірді.... Қайту керек...... Бақтан шығып, жолға түстіңіз..... Иығыңызда дорба.......
Жүгіңізі ауыр...... Жол бітер емес..... «Тастап кетсем бе екен?» деп ойлап та қоясыз......
Міне ауылға да жеттіңіз..... Алдарыңыздан қуанып, секіріп балаларыңыз шықты......
Өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз.....
Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма.......
Балалар дән риза......
Балаларыңыздың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді !!!
|
Музыка тоқтатылып, ата-аналар көздерін ашып, өз әсерлерімен бөліседі.
Стикерлерге (алма пішінді) балаларыңызға деген тілектеріңізіді жазып, алма ағашына іліңіздер.
|
презентация
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №15
|
Отбасында зорлық зомбылыққа жол жоқ
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
|
Құндылықтарды дарыту
|
отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
|
Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
Отбасы деген не?
Отбасы құрамы деген кімдер?
Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?
Оқушылардың ойы тыңдалады.
|
видеожазба
|
Ортасы (20 мин)
|
Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды.
|
Балалар мақалды бастайды, келесі оқушы мақалды аяқтау керек Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар). Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без). Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер). Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар). Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
|
Кеспе қағаздар
маркер
|
|
Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
|
Сұрақ — жауап арқылы қорытындылау
1. Отбасы деген не?
2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?
3. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді
|
Презентация арқылы сұрақтар көрсетіледі
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |