Ортасы (20 мин)
|
Мынадай сұрақтарға жауап алу:
Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?
Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?
Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?
Қандай шаруалар істейді?
Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?
Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?
Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады
Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.
Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
презентация
|