«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- еңбегің жемісті болсын!
- еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- , өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- , «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
- еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
- отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол
- ата-анаңның еңбегін бағалай біл
- еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте
- еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын
- еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!
- бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
|
Оқушылар тілектерін айтады
|