Практикалық кезең.
Топтық жұмыс.
Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік
пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.
|