Сабақтың тақырыбы: Есеп шарты бойынша математикалық модель құрастыру Оқу мақсаты



Дата28.09.2022
өлшемі26.24 Kb.
#461539
түріСабақ
9 сынып 11 сабақ


Сабақ жоспары
Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Шабанова Алтынай Арсланбекқызы

Пән/Сынып:

9(а,ә) сынып

Күні:

26.09.2022

Тарау немесе бөлім атауы:

Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Сабақтың тақырыбы:

Есеп шарты бойынша математикалық модель құрастыру

Оқу мақсаты:

9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару;
9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Бағалау критериі:

Теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын есептерді шешу алгоритмі мен танысады және оны шешу жолдарымен есептер шығаруды үйренеді.
Есептерді шешуде формулаларды тиімді пайдалана біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Есеп шарты бойынша математикалық модель құрастыру тақырыптарын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
-мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару;
-есеп шарты бойынша математикалық модель құру;
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. 1.Ұйымдастыру. 2. Үй жұмысын тексеру.

Амандасады.


Үй жұмысын айтады.






Оқулық



8 мин

Негізгі бөлім

Анықтама
Теңдеулер жүйесін падаланып, мәтінді есептерді шығару былай орындалатынын еске салайық:

  1. Есепте қандай нысандар немесе шамалар туралы сөз болғанын, олардың қайсылары белгісіз екенін анықтап, белгісіздердің екеуін x және y деп белгілейміз.

  2. Есептің шартын және белгілілер мен белгісіздердің арасындағы байланысты пайдалана отырып, есептің алгебралық моделін - екі айнымалысы бар екі теңдеудің жүйесін құрамыз.

  3. Шыққан теңдеулер жүйесін шешеміз.

  4. Есептің шартына сәйкес келетін шешімін тауып, жауабын жазамыз.




  1. мысал. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысының мәні 9-ға тең. Егер осы санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда алғашқы санның -ін құрайтын сан шығады. Берілген санды табу керек.

Шешуі. y - берілген санның бірліктерінің цифры, ал x - оның ондықтарының цифры болсын. Онда берілген сан 10x+y түрінде жазылады. Есептің берілгені бойынша x+y=9 және 10y+x= (10x+y). Ендеше келесі теңдеулер жүйесін шығарамыз:
Жүйенің шешімі x=5 және y=4 болады. Демек, ізделінді сан 54.



Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады








Оқулық

20
минут



Бекіту тапсырмасы

Өткен сабақта қарастырылған мәтіндік есептерді шығарудың математикалық моделін құруды жалғастырамыз.
1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10 см, катеттерінің қосындысы 14 см. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар. Математикалық моделі былай болады:
2. Екі цех бірдей станоктар дайындайды. Жоспар бойынша олар бірігіп жылына 360 станок шығарулары керек. Бірақ бірінші цех оз жоспарын 12%-ға, ал екіншісі 15%-ға артық орындап шықты. Екі цех жоспардан артық 48 станок дайындағаны белгілі болса, әрбір цех қанша станоктан дайындаған?
Математикалық моделі:
3. Екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы 13. Егер осы саннан 9-ды алып тастасақ, онда цифрлары кері жазылған сан аламыз. Берілген санды табыңыз.
4. Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы - 17, ал цифрлардың квадраттарының қосындысы - 109. Берілген саннан 495 шегерсек, цифрлары кері ретпен жазылған сан аламыз. Берілген санды табыңыз.
5. Бассейнді екі кран арқылы суға толтыруға болады. Егер бірінші кранды 10 минутқа, ал екінші кранды 20 минутқа ашсақ, бассейн толады. Егер бірінші кранды 5 минутқа, ал екіншісін 15 минутқа ашсақ, онда бассейн 60%-ға толады. Әрбір кран бассейнді қанша уақытта толтырады.
6. Екі кемежайдың арасы - 60 км. Теплоход осы арақашықтықты ағыспен және ағысқа қарсы барлығы 5,5 сағатта жүзіп өтеді. Егер теплоходтың жылдамдығы мен ағыстың жылдамдығының айырмасы 20 км/сағ болса, олардың жылдамдықтарын табыңыз.
7. Ұзындығы 60 м шеңбер бойымен екі нүкте бір бағытта қозғалуда. Біріншісі бір айналымды екіншісіне қарағанда 5 секундқа тез орындайды. Нүктелер әрбір 1 минутта беттеседі. Нүктелердің қозғалу жылдамдығын анықтаңыз.
8. Бір қаладан бір мезгілде екі туристер тобы шықты. Олардың біреуі солтүстікке, ал екіншісі шығысқа бағыт алды. 4 сағат өткенен кейін олардың арасындағы қашықтық 24 км болды, Егер бірінші топ екіншіге қарағанда 4,2 км көп жүрсе, әрбір топ қандай жылдамдықпен жүрген?
9. 200г 16%-қ қоспасын алу үшін 10%-қ және 30%-қ марганцовка қоспаларының әрқайсысынан қаншадан алу керек?






.
Дескриптор:
мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару біледі;

-есеп шарты бойынша математикалық модель құра алады;




Интернет ресурстары



10мин

Жеке жұмыс

Оқулықпен жұмыс. №111, №112

Тапсырманы орындайды

Мониторинг




5 минут




Бүгінгі сабақта:
- мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарды;
-есеп шарты бойынша математикалық модель құрды.
Үйге тапсырма:
1. Отбасында әкесі, шешесі және үш қызы бар. Барлықтарының жастарының қосындысы 90 жас. Қыздардың арасындағы жас айырмашылығы 2 жастан. Шешесінің жасы қыздардың жастарының қосындысынан 10 жасқа артық. Әкесі мен щещесінің жас айырмашылығы ортаншы қыздың жасына тең. Кіші қыздың жасы нешеде?
2. Екі оператор бірге газеттің мәтінін 8 сағатта тереді. Егер бірінші оператор 3 сағат, ал екіншісі 12 сағат терсе, олар жұмыстың 75%-ын орындайды. Әрбір оператор жұмысты жеке қанша уақытта бітіреді?
3. математикалық моделі бойынша есептің мәтінін құрастырыңдар (шығармашылық)
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
«Сөйлемді жалғастыр»
- маған ең ұнағаны ……
- мен үшін күрделі болғаны …..
-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Кері байланыс





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет