Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Экрандық интерфейс және Power Point терезесінің
интерфейсі, өзгертулері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Windows 2000-ның пайдаланушы интерфейсі Internet Explorer 5 ықпалдасқан қосымшасы бар Windows 98 интерфейсін еске салады. Интерфейстің негізі – Жұмыс үстелінің тұжырымдамасы. Мұндай жүйелердегі объектінің әрбір түріне өзінің белгішесін және осы объектіні пайдалану әдісін анықтайтын кейбір қесиеттер тобын береді.
Қапшықтар қоймалар болып табылады, оларда таңбашалар, файлдар, басқа да қапшықтар және әр түрлі құрылымдағы пиктограммалар бар. Белгішелер әр түрлі объектілеріне тез шығуды қамтамасыз етеді және әдетте жұмыс үстелінің сол жақ жоғарғы таңбашалар ярлық деп аталады. Белгішелер мен таңбашаларды жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыру үшін оларды осы жерге апару керек. Оны апару тышқанның сол жақ батырмасын басу кезінде жүзеге асырылады. Белгішелерге, таңбашаларға және қапшықтарға шерту көмегімен мүмкіндік береді.
МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан Роwer Рoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. Роwer Рoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
-
Меню арқылы Пуск – Программа - Місrosoft Роwer Рoint .
-
Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып, Создать – Презентация
Місrosoft Роwer Рoint-ты таңдайды.
Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft Роwer Рoint терезесі келесі элементтерден тұрады:
-
терезе тақырыбы (Заголовок окна) – Windows терезесі үшін – стандартты.
-
Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.
-
Құралдар панелі (Панели инструментов) – үнсіз келісім бойынша Стандартная және Форматирование панелдері көрсетіледі.
-
Жұмыс аумағы (Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.
-
Жағдай долы (Строка состояния) – көру режимі және презентация жайлы әр түрлі ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және т.с.с. көрсетілетін ақпараттық жол.
Роwer Рoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі қарастырылған:
1.Әдеттегі.
2.Құрылымдық.
3.Слайдтар.
4.Слайдтарды сорттаушы.
Слайдтарды сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контесттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық-экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып әр уақытта аяқтауға болады.
ІХ. Үйге тапсырма
Экрандық интерфейс және Power Point терезесінің интерфейсі, өзгертулері.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Бекітілді: Пәні: информатика
_______________________ Класы: 10 «А»
Күні: _________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Power Point құжаттарының құрылымы. Презентация.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға
Қазіргі заманғы презентациялық бағдарламаларының көбісі анимациялық, дыбыспен, бейнемен жұмыс істеуді, мультимедианың басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиялаық өнімдерде әр слайд сахна сияқты, оны қозғалыстағы объектілермен толтырып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Көптеген презентациялық пакеттер қазірден сондай құралдар ұсынуда. Мультимедиялық объектілерді тікелей слайдтарға кірістіру үшін Оле технологиясы қолданылады. Бұл жағдайда мультимедия объектілерін жеке қосымша басқарады. Мұндай технологияны қолдану үшін оперативті және дискілік жады үлкен мөлшердегі. Едәуір қуатты, сондай-ақ дыбыстық платасы бар дербес компьютер қажет. Бұған қоса дискеталарда немесе компакт-дискілерде жасалған слайд-фильмдерді пайдалану және тарату үшін, белгілі Оле серверлері болуы шарт. Осы себептерге орай, өзіндік қолдау мультимедиясы бар презентация бағдарламалар жақсы бағаланады
Кез келген Роwer Рoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады. Мұндай файлдар презентацияда көп болуы мүмкін, бірақ олар маңызды болуы шарт, сіздің презентациядағы жүзінші слайд ешкімге қызықты болып көрінбейді. Құжаттағы әрбір слайдтың оның орналасу жеріне байланысты үнсіз келісім бойынша берілетін бірегей нөмірі болады. Слайдтардың тізбектілігі (олардың байланысы, нөмірленуі) құжатта сызықты. Мұндай сызықтық пайдаланушы әрекетіне тәуелсіз Роwer Рoint
Автоматты түрде сүйемелденеді. Яғни, слайдтарды жою, енгізу, алмастыру, көрінбеуі немесе көрсету құжаттың сызықтық құрылымын бұзбайды.
Слайдтарда әр түрлі типті объекттер бар, олардың қиюласуы презентацияның берілген кадрінің мазмұнын толығымен ашуға арналған. Әрбір слайдта, кем дегенде бір объект – кадр фоны болады. Яғни толығымен бос слайд болуы мүмкін емес және «бос» деп «фон» типті объектісі бар слайд түсініледі.
Слайдта орналастырылатын объектілерге:
• фон
• мәтін
• гиперсілтемелер (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• колонтитулдар (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• кестелер;
• графикалық бейнелер;
• жазулар;
• диаграммалар;
• дильм;
• дыбыс;
• бағдарша (ярлык) жатады.
Ерекше объект ретінде жиынтығында слайдтың түстік схемасын ұсынатын әр түрлі объектілерді түстік көркемдеу шығады. Слайтда орналастырылған барлық объектілер, Роwer Рoint-тің ішкі құралдарымен, сыртқы қосымшалармен немесе бір мезгілде осы және басқа құралдарымен жасалына немесе көркемделіне алады.
Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл – Печать командасын беріп, басылатын объектіні : слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет. Содан соң басылатын слайдтар тобы және басылатын көшірме саны анықталады.
Слайдтардың басылатын түрде көріну үшін (сұр түс өрбуі пайдаланумен ), слайдтар режимінде Вид – Черно-белый командасын немесе оны контекстті менюден таңдап, көркемдеудің қажетті вариантын орнату қажет. Мысалы , егер Авто-ны таңдаса фон жасырылған және слайдта тек мәтін мен графика ғана көрсетілінеді. Егер де Черный с белый заливкой таңдаса, сұрдың барлық реңкі, объектінің құйылмалары қоса жасырылынады және барлығы қара-ала түрде басылынады.
Ақ-қара түсті режимдегі жұмыс кезінде енгізілген өзгертулер, экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сол себептен ең тиімді вариант – түрлі-түсті презентация жасау және үлестірмелі материалдарды ақ-қара түсті принтерде басып шағару.
ІХ. Үйге тапсырма
Power Point құжаттарының құрылымы. Презентация.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Бекітілді: Пәні: информатика
_______________________ Класы: 10 «б»
Күні: _________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Презентция құру. Графиктік объектілерді орнату.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Жаңа презентацияны, (Word-та жаңа құжатты жасау сияқты) үш түрлі әдіспен жасауға болады.
-
Мастер автосодержания көмегімен.
-
Ұсынылған қалыптар негізінде.
-
Бос презентацияны пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап жасау.
Мастер автосодержания көмегімен презентацияны жасау. Роwer Рoint-ті қосқан кезде Мастер автосодержания бағдаршасында тышқанды басу келесі диалогтық терезені шақырылады.
Слайдты жасау процесі үш этаптан тұрады.
Бірінші этапта Вид презентации таңдау керек. Мұнда тиісті батырманы басқанда ашылатын алты блок ұсынылады. Әрбір блокта презентацияның бірнеше стандарты бар, сендер олардың тақырыбы сәйкесін таңдап аласындар. Шебермен жұмыс істеудің ыңғайсыздығы, біз таңдап алғанды алдын-ала көре алмаймыз. Бұдан басқа, егер сендер бір фирманың қызметкері болмасаңыз, ұсынылған презентацияның 54 варианты және тақырыптары: «Стратегияны ұсынамыз» , «Персоналды оқытамыз», «Қаржылық күйді шолу» және т.б. ұнамайды.
Үшінші этапта ең бірінші слайдтың көркемдеуі жүреді. Мұнда презентацияның аты беріледі, сонымен қатар барлық слайдтардың төменгі колонтитулы үшін мәтін енгізіледі. Готово батырмасында тышқанмен басу шеберге жұмыстың аяқталуы жайлы команданы береді, және ол жиналған ақпарат негізінде слайдтардың базалық жиынын жасайды. Енді слайдтардың аяққы көркемдеумен айналысуға болады, керекті деректерді енгізе отырып : мәтін, бейне, суреттер,сонымен қатар, керек кезде, форматтау параметрлерін ауыстыра отырып.
Автосодержание шебері көмегімен презентация жасау – бұл ең оңай, бірақ ең стандартталған әдісі. Бұл жағдайда шебер, Місrosoft Offiсе-тің көптеген шеберлері сияқты, белгілі бір сұрақтар қояды, сонымен қажет ақпаратты жинап және соның негізінде берілген тақырып бойынша слайдтар жиынын ұсынады. Алғаш пайдаланушы үшін бұл әдіс алғаш ең қарапайым және ыңғайлы көрінеді, себебі шебер оны презентация дайындаудың барлық сатылары арқылы өткізеді. Басқа жағынан, ол дербес барлық маңызды шешімдерді қабылдайды, іс жүзінде тәуелсіз шығармашылық үшін мүмкіндікті қалдырмайды.
Үлгітүр негізінде презентация жасаудың, мысалы Word-та үлгітүрді пайдаланудан басқаша болады. Power Point үлгітүрдің екі типін ұсынады:
-
презентациялар үлгітүрі;
-
көркемдеу үлгітүрі.
Презентация үлгітүрлері Word-тың стандарттты үлгітүрлеріне ұқсайды: олардың Сату жоспары, Бизнес-жоспар, Қаржылық күйді шолу және т.б. атаулары бар. Пайдаланушы үлгітүр ұсынған мәтінді ала алады немесе оны авторлыққа ауыстыра алады. Көркемдеу үлгітүрлері профессионалды әрлендірушілермен жасалған және презентацияның барлық слайдтарына біркелкі көркемдеуді беру үшін қызмет етеді. Үлгітүрдің әрқайсысының белгілі бір түстік гаммасы, фоны және өзінің стилистикасы бар, әр түрлі графикалық элементтері бар. Презентациямен жұмыс кезінде көркемдеу үлгітүрін таңдауға зейін қою керек, себебі ол презентация тақырыбымен үйлеспеуінен басқа, мүнда енгізілген мәтін немесе графикалық объектілер жоғалып кетуі мүмкін.
Графикалық файлдарды ендіру.
Ағымдағы cлайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек :
-
Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
-
Фон менюі пунктін таңданыз.
-
Исключить фон образца пунктінте жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.
-
Способы заливки таңдаңыз.
-
Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.
-
Способы заливки терезесінің төменгі бөлігінде Рисунок пунктін таңдаңыз.
ІХ. Үйге тапсырма
Презентция құру. Графиктік объектілерді орнату.Интернет тақырыбына арналған презентация құру
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Бекітілді: Пәні: информатика
_______________________ Класы: 10 «А»
Күні: _________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Дыбыспен жұмыс.
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.
Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
-
Встака – Фильмы и звук – Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.
-
Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.
Слайдтарды демонстрациялау.
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:
-
Показ слайдов – Настройка анимации командасын орындау.
-
Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с. анықтау керек.
-
Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.
Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:
Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің тандалуы Показ слайдов – Смена слайдов командасының көмегімен орындалады. Презентацияның әрбір слайдты экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады(Показ слайдов – Настройка времени командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтылығы көрсетіледі. Слайдтарды көрсетудің үш әдісі бар:
-
Слайдтар толық экранды режимде бейнеленетін, баяндамашымен басқарылатын көрсетуді өткізудің әдеттегі әдісі. Жетекші презентацияны қолмен немесе автоматты режимде өткізе алады, оны ескертулер немесе әрекеттер жазу үшін тоқтата және тіпті презентация кезінде сөздік сүйемелдеуді жаза алады. Бұл режим презентацияны үлкен экранда көрсету, желі арқылы жиналыс өткізу немесе презентацияны трансляциялау үшін ыңғайлы.
-
Пайдаланушымен басқарылатын презентация кішкентай терезеде бейнеленеді (желі бойынша немесе Интернет арқылы бір пайдаланушы көру кезінде ), слайдтарды ауыстыру, редакциялау, көшіру және басу командалары бар. Бұл режимде басқа слайдқа өту айналдыру жолының немесе
және
батырмалары көмегімен жасалынады. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін Web құралдар панелін шығаруға болады.
-
Автоматты – презентация толығымен автоматты түрде толық экранда өтеді. Бұл режимді көрмелік стендте немесе жиналыста пайдалануға болады. Сонымен қатар көптеген меню мен командаларға тыйым салуға және циклдық көрсету режимін қосуға болады.
Әдісті таңдау үшін, Настройка презентации (Показ слайдов менюі) диалогтық терезесінде ауыстырып қосқышты тиісті күйге орнату керек. Слайдтартды көрсету процесін басқару үшін басқару батырмаларын да пайдалануға болады. Егер әрбір слайдқа бірдей батырмаларды орналастыру керек болса, оларды слайд үлгісінде орналастыру ұсынылады.
ІХ. Үйге тапсырма
Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Бекітілді: Пәні: информатика
_______________________ Класы: 10 «А»
Күні: _________________
Жаратылыстану-математикалық бағыт
І. Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Оқушылардан өтілген сабақтарды қалай түсінгендіктерін тексеру үшін бақылау жұмысын аламын. Яғни оқушыларды үш топқа бөліп 4 тақырыптан бөліп беріп, қысқаша түсінгендерін жазғызамын.
І топ.
1. Компьютердің программалық жабдықтары.
2. Windows 2000 қосымшаларындағы берілгендердің алмасуы.
3. Құрылымдық программалау.
4. Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.
ІІ топ
-
Процедуралық программалау
-
Power Point презентациясы.
-
Әділ-нысаналық бағдарлау
-
Программалау жүйесі.
ІІІ топ
-
Программалдарды құрудағы модульдік қатынас
-
Презентация құру. Графиктік объектілерді орнату.
-
Power Point құжаттарының құрылымы.
-
Операциялық жүйелер және олардың дамуы.
ІХ. Үйге тапсырма
Бақылау жұмысы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
----------------------------
Оқу ісінің меңгерушісі
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «А», 10 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Даярламаның жинақталған ортасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабыты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызуғышылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.б.
Достарыңызбен бөлісу: |