Сабақтың тақырыбы. Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты


ІІ топ «Есеней» тобы. «Роман тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан – өзі тарихта шын болған адам



бет3/8
Дата09.09.2024
өлшемі87.5 Kb.
#503491
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы.

ІІ топ «Есеней» тобы. «Роман тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан – өзі тарихта шын болған адам » тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді, яғни мәнжазба жазады.
1-оқушы:
Жазушының Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» -бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно. Әйел , ана, арулар тақырыбына арналған Ғ. Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған.
2- оқушы:
Роман тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан өзі тарихта шын болған адам, өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі. Жазушы өзінің күнделігіңде: «Ұлпан – менің Монна Лизам» деп жазғаны бар. Адам жанының тазалығын, ізгілік нұрын әспеттеген, әйгілі сөз шеберінің арман- аңсарынан туған туындының қай оқырманның да жүрегінен орын алары сөзсіз. Оқиға бұдан бір жарым ғасыр бұрын болған дедік. Ол қазіргі қазақстанның қиыр солтүстігінде тіршілік еткен қазақ руларының өмірінен алынған тарихи шындық.
3- оқушы:
Романда далалық Омбы генерал-губернаторлығына қарасты Аманқарағай округінің төбе биі болған, кейін әділ де қатал би атанған Есеней жасы алпысты алқымдап, қартайып келген шағында өзінің жас кезіндегі жауынгер үзеңгілесі, талай жорықтарды бірге өткізген қанды көйлек досы Артықбай батырдың жас қызы Ұлпанға үйленеді де, өзінің бар билігін соған беріп, «Ел анасы» деген ардақты атқа ие болады. Артынан аңыздай болып «Ұлпан апа» есімі қалады.
ІІІ топ «Артықбай» тобы. «Семсер сөздің зергері» жазушы Ғ. Мүсіреповке деген ақын- жазушылардың, замандастарының ой пікірлерімен бөлісу.

1-оқушы:


«Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет