Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романындағы ана бейнесі. Әдебиет 9-сынып



Дата19.02.2023
өлшемі1.25 Mb.
#469763
түріСабақ
Ғ.Мүсірепов. Ұлпан романы бойынша презентация, 9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романындағы ана бейнесі.


Әдебиет
9-сынып
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек».
З. Қабдолов.

ҒАБЕҢНЕН ҚАЛҒАН ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР

  • Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.
  • Данышпандықты танып, білгенде ғана – данышпан.
  • Үлкен өнердің – үлкен, таза мінезі болуы керек.
  • Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды.
  • Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.
  • Көркем сөз – жанның сәулесі.
  • Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болу керек.
  • Ел ерсіз, ер елсіз болмайды.
  • Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

«Ұлпан» романын оқу, сюжеттік жоспар құру.

«Ұлпан» романын оқу, сюжеттік жоспар құру.

Сюжеттік жоспар:

1.Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі. 2. Ұлпанды құтқаруы.

3. Ұлпанды айттыруы.

4. Той қамы, Есенейдің билік құруы.

5. Ел қарызын өтеуі.

6. Орыс үйіне келуі, тіршілік бейнесі.

7. Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады.

8. Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан.

9. Ұлпанның қарғысына ұшыраған – Торсан.


«Ұлпан» романы 3 бөлімнен, 24 тараудан тұрады. «Ұлпан» романында негізгі қосалқы, үлкенді кішілі тоқсанға жуық кейіпкер бар. Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп, тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері - Ұлпан. Ұлпан – романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. «Ұлпан» романын жазудан бұрын жазушы 1941 жылы Қызылжардан Қожабай көлінің маңындағы Лебяжі теміржол станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан өткен екен. Сол кезде зират аралап жүріп Исахмет молдаға кездеседі… Қазірде бұл «Ұлпан» станциясы деп аталады екен. 1974 жылы роман дүниеге келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі.
Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз болып өтуі.
Ғ. Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналады?
Жауап: Отан, туған жер, өнідіріс, табиғат, махаббат, ерлік. Ана, әйел: ер ана, Ақлима, ананың анасы, Ұлпан, ананың арашасы.
Суреттеңіз: романға сатылай кешенді талдау жаса
(Шығарманы сатылай кешенді талдау)
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың авторы. Ғ. Мүсірепов
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)
Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы: Есенейдің көші Оқиғаның дамуы: Ескі доспен кездесу.
Оқиғаның шиеленісуі: Ел ісіне араласқан Ұлпан
Шарықтау шегі: Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.
Шешімі: Ұлпанның өмірден ерте кетуі
1. Суреттеңіз: Романға композициялық жоспар жаса. 2. Салыстырыңыз: 1920 жылдарда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз. 3. Зерттеңіз: Шығармада шешендік сөздер, мақал- мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз. 4. Қолданыңыз: Романнан үзінді алып, рөлдік ойын, көрініс даярлаңыз. 5. Елестетіңіз: Ұлпан қайталанбас біртуар ұлы тұлға екенін, Ұлпандай ел анасы арамызда бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп, елес жетелеңіз. 6. Қарсы шығыңыз: Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз. Эссе жазу: Ғ. Мүсірепов ана тақырыбындағы шығармаларынан қандай ой түйдіңдер?
Р е ф л е к с и я
1. Сабақта маған ұнағаны.........
2. Маған ой салғаны............
3. Мені мазалағаны............
4. Маған ұнамағаны........
5. Менің ұсынысым.........
Салыстырыңыз: 1920 жылдарда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз.
(М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.
Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет