Сабақтың тақырыбы: Ғарифолла Құрманғалиев Мақсаты



жүктеу 34.55 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі34.55 Kb.
Атырау қаласы, Ракуша селосы, М.Өтемісов атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Куляй Избаганбетова
Сабақтың тақырыбы: Ғарифолла Құрманғалиев

Мақсаты:

а)білімділігі:Қазақстанның халық әртісі, әнші, актер Ғ.Құрманғалиев өмірі,шығармашылығымен таныстыру, ә ) дамытушылығы: оқушылардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығын,орындаушылық қабілеттерін дамыту,

б ) тәрбиелілігі: әнші-композитордың музыка мұрасы арқылы балалардың патриоттық,эстетикалық,адамгершілік сезімдеріне ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,талдау,топтастыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі карточкалар,слайдтар,күйлері,әндері жазылған үнтаспалар.
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Қызығушылықты ояту.

  3. Мағынаны тану.

  4. Ән айту.

  5. Ой толғаныс.Музыка тыңдау.

  6. Қорытындылау.


Сабақтың жүру барысы:


  1. Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару,үй тапсырмасын сұрау.

  2. Қызығушылықты ояту.

-- Ән ұғымын қалай түсінесіңдер? Топтастыру.

Оқушылар: Ән: ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан мұра,

Сазы адамның көңіл күйіне әсер етеді,

Тарихты баяндайды,

Дәстүрлі орындаушылық өнер,

Аспапта немесе жеке дауыста орындалатын шығарма.

Әншілік мектептер туралы сұрау. Оқушылар жауабы: Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріндегі,Жетісу өңіріндегі,Сыр бойындағы, Шығыс өңіріндегі, Батыс өңіріндегі әншілік мектептер бар.

3. Мағынаны тану.Слайд.Ғ.Құрманғалиев шығармашылығы туралы.

Батыс өңірі әншілік мектебінің ірі өкілі – Ғарифолла Құрманғалиев ( 1909 – 1972жж.) – Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер,әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мүхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды. Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды.
Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. Ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болван Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын.
Сөйтіп, Мұхиттың әндері оның туған жері Орал облысы шеңберінен шығып, шалғай жерлерге де кеңінен тарады. Республиканың батыс облыстарында Мұхиттың әнін орындамаған өнерпазды кәсіпқой әнші деп санамаған. Сондықтан мамандар Мұхит әндерінің авторлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Орындаушылық өнері бүкіл Қазақстан үшін үлгі болған Ғарифолла Құрманғалиев “екінші Мұхит” атанды. Әнші өз өлкесінің халық әндері мен термелерін (халық және авторлық термелер) тамаша орындай білген.

Әндері: « Сүйген жар», «Сәлем», «Оралым», «Нұржамал», «Мақтан етем», «Құдайым қызды маған үйіп берген», «Қаламқас», «Әнші дауысы», «Ақ жайық», «Асыл жар», «Жас өмір» т.б.


4.Ән айту. Гаммалар орындау . Ән үйрену.

« Мектеп -- білім ұясы» әнін үйрету

Әні Ғ. Құрманғалиевтікі, Өлеңі Б.Тәжібаевтікі


  1. Ой толғаныс ( Музыка тыңдау )

Ғ. Құрманғалиевтың орындауында Мұхиттың «Көк айдай» әнін, өзімнің орындауымда Ғ. Құрманғалиевтің «Жас өмір», шәкірті Қ. Құлышеваның орындауында «Әнші дауысы» әндерін тыңдау,талдау.
5.Сөзжұмбақтар, Ойындар.
6. Қорытындылау. Венн диаграммасы: Ж.Елебеков – Ғ.Құрманғалиев.

Топтастыру: Ғ.Құрманғалиев: Әнші , Актер,Сазгер, Ұстаз.



Үйге тапсырма: Ғ.Құрманғалив шығармашылығы туралы оқып келу, «Мектеп – білім ұясы» әнін жаттап келу,Ғ.Құрманғалиев әндерін тыңдау, шығармашылығы туралы қосымша іздену.

Бағалау.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет