Сабақтың басы
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар
Геометрия пәні
|
Геометрияның қолданысы,
салалары
|
Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңыз
| Атмасфералық жағдайды қалыптастыру.
Миға шабуыл әдісің арқылы өткен тапсырмаг\ны қайталау
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап
Топтық жұмыс.
І топ
|
ІІ топ
|
Планиметрия
|
Стереометрия
|
|
|
|
Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.
|
Презентация
|
Сабақтың ортвсы
|
« Жигсо» әд
ісі бойынша тарау тақырыптарына қатысты өздері талқылап, өздері қайталау масатында қосымша тапсырмалар таратылады
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек
Анықтама: Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады.
М ысалы, ABCD төртбұрышының A' B'C'D' төртбұрышына тең екенін көрсету үшін ABCD төртбұрышы нүктелері үстіне A' B'C'D' төртбұрышының сәйкес нүктелерін дәл келетіндей беттестіреміз. Егер А нүктесімен А' нүктесі, АВ кесіндісімен А'В' кесіндісі сәйкес келсе, онда берілген екі төртбұрыш тең болып табылады.
Анықтама: Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер тең кесінділер деп аталады.
AB және A'B' кесінділері берілсін. Егер АВ кесіндісін A'B' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері дәл келетін етіп қойғанда В және B' ұштары дәл келсе, АВ және A'B' кесінділері тең болады да АВ= A'B' деп жазылады.
Егер АВ кесіндісін А'В' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері сәйкесетін етіп қойғанда В және В' нүктелері дәл келмесе төмендегі екі жағдай болуы мүмкін.
Кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін бөлік сызықтары бар сызғышты қолданады. АС кесіндісінің ұзындығы 120 мм-ге тең. Мұнда кесіндінің өлшем бірлігі ретінде 1 мм алынған.
|
І топ
1. Кез келген кесінді сызыңдар. Циркульдің көмегімен оған тең кесінді өлшеп салыңдар.
2. Қағаздан қиып алынған ABCD шаршысын АС кесіндісі бойымен бөліңдер. Пайда болған үшбұрыштардың теңдігіне көз жеткізіңдер.
3. ABCD квадраты берілген. AB, BC, CD, DA, AC, BD кесінділерінің ішінен; Өзара тең болатын; Ортақ нүктесі болатын; Ортақ нүктелері болмайтын кесінділерді анықтаңдар. Сызбада көрсетіңдер.
4. AB=20м, AC=5м, BD=7,9м кесінділері берілген. Төмендегі жағдайлар үшін
CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
1.C мен D нүктелері AB кесіндісінде жатады.
2.С мен D нүктелері AB кесіндісіне тиісті емес.
3.C нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
4.D нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
ІІ топ
1. А, В, С нүктелері бір түзуде жатады, ал А нүктесі В және С нүктелерінің арасында жатады. АВ=x, АC=x+4,3, BC=6,7. AC кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
2. Бір түзудің бойынан C, D және М нүктелері алынған. М нүктесі C мен D нүктелерінің арасында жатады. Егер CM=а+1, DM=а+2 болса, онда CD кесіндісінің ұзындығы 3-тен артық бола ма?
|
Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.
|
:https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/planimetriyanyng-negizgi-uhymdary-zhane-qarapajym-figuralary?mid=fca51c00-9d59-11e9-be78-49d30a05e051
|