Сабақтың тақырыбы: Гранатаатқыштан ату тәсілдері Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 мин



Дата01.07.2016
өлшемі44.64 Kb.
#169754
түріСабақ
«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Гранатаатқыштан ату тәсілдері

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Тірей ату не үшін қолданылады?

  • Тірей ату үшін не қолданылады?

  • Әуедегі нысаналарды ату қалай жүргізіледі?

  • Оқпанадан атыс жүргізу қалай орындалады?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Гранатаатқышты гранатаатқышшы мен оның көмекшісі күтіп сақтайды.Гранатаатқышшы гранатаатқыштан атыс жүргізеді,оны және екі снаряды бар сөмкені тасымалдайды.Оның көмекшісі атыс жүргізу кезінде оған көмектесіп,үш снаряды бар сөмкені тасымалдайды,гранатаатқышшының орнын алмастырады. Ұрыста,гранатаатқышшыға тікелей көмек көрсетілмеген жағдайда,оның көмекшісі бекітілген қарудан атыс жүргізеді.

Жергілікті жер сипаты мен қарсыластың атысына байланысты гранатаатқыштан атыс – жату тізерлеп және тұрып ату жағдайларында жүргізіледі.Қарсыластың оғынан қорғану және бүркемелену,сондай ақ атысты жүзеге асыруға ыңғайлылық тудыру үшін әр түрлі тасалар, же және тіреулер пайдаланылады. Қажет жағдайда гранатаатқыштан ату бронетранспортерден де жүргізілуі мүмкін,мұндай жағдайда гранатаатқыштың оқталатын бөлігі бронетранспортер кемерінен сыртына шығып тұруы керек.

Гранатаатқышшы мен оның көмекшісі атыс жүргізу үшін командир белгілеген атыс позициясын жабдықтап,еиленеді немесе оны өз бетімен таңдап алады.Гранатаатқыштан ату үшін ең жақсы шолу мен атқылауды ,грнатаатқыштан атыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оны қарсыластың бақылауы меноғынан тасалайтын, сондай ақ атысты жүргізу тәсілдерін орындауға ыңғайлылық тудыратын атыс позициясын таңдаған жөн.

Гранатаатқыштан ату кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:


  1. Жаттығу кезінде ұрыстық гранатамен сауытқа немесе танкіге қарсы атысты тек оқпанадан немесе басқа тасалардан жүргізу керек,өйткені сауыттан, сонымен қатаргранатаның өзіне де жарықшақтар кейбір жағдайларда 150 м дейінгі қашықтықта ұшады;тасалардан тыс жердегі адамдар нысанадан 300 м қашықтықта болуы қажет;

  2. Гранатаатқыштан ату кезінде артқы жағында 30 м дейінгі қашықтықта адамдар, оқ-дәрілер,жарылғыш және жанатын заттардың болмауына көңіл аудау керек;осы талаптың орындалуына көбіне түнгі ату кезінде назар аударған абзал;

  3. Ату жүргізудің барлық жағдайында төмендегілерге қатаң тиым салынады:

  • Гранатаатқыштың артқы оқталатын бөлігін кейбір заттарға немесе топыраққа тіреуге;оқпананың артқы қиығы мен қабырғасы немесе басқа тасалар қабырғасы арасындағы қашықтық 2 м кем болмауы керек;

  • Ұңғысы ластанған, қар толған гранатаатқыштан атыс жүргізуге;

  • Атыс тәсілдерін орныдауда мол тәжірибелік дағдылары жоқ адамдарды атысқа жіберуге;

  • Атыстан кейін жарылмаған гранаталарды қорғауға;мұндай гранаталар түскен жерінде қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жойылуы тиіс;

4. Ату кезінде гранатаатқыштың ұңғысы топырақ қалқадан немесе тасадан 20 см қашықтықта болғаны дұрыс және гранатаның тұтандырғыш қанаттарының топыраққа немесе басқа заттарға тиюінен сақтау қажет;

5.гранатаатқышшы жатып ату кезінде гранатаатқыш ұңғысының оқталатын бөлігінен ұшып шығатын оқ-дәрілі газдармен өзін зақымдап алудан сақтануы үшін дұрыс орналасуы керек;

6.Құмды немесе ми батпақты жерлерде,қарда атыс жүргізу кезінде атуға дайындалған гранаталар сөмкенің үстіне қойылады.Әсіресе оқ-дірілі зарядты дымқылданудан , ал ұңғы арнасын бітеліп қалудан сақтау қажет.

Гранатаатқыштан ату – атысқа ыңғайланудан, атысты жүргізу мен атысты тоқтатудан тұрады.



Атысқа ыңғайлану

Атысқа ыңғайлану – атыс жүргізу үшін дұрыс орналасу мен гранатаатқышты оқтаудан тұрады.

Атыс жүргізуге көздеуішті және температуралық түзету механизмін қою, көздеу, шүріппені ұрыстық қайырмадан ағыту мен атыс кезіндегі гранатаатқышты ұстап тұру кіреді.

Жатып ату кезінде қол шынтақтары жерге иықтың еніне қарай ыңғайлы жағдайда қойылады.

Тізерлеп ату кезінде сол қол шынтағын сол аяқтың етті жеріне немесе тізеден біраз түсіре тіреп, ал оң қол шынтағын кеудеге қысу керек.

Тұрып ату кезінде қол шынтақтарын кеудеге қысу керек.

Шүріппені ағыту үшін , демді ішке тартып, шүріппені ұрыстық қайырмадан шығып кеткенше ағытқыш ілмекті сұқ саусақтың алғашқы буынымен басу керек.



Атысты тоқтату

Атысты тоқтату – уақытша және толық болады.

Атысты уақытша тоқтату үшін: «Тоқта!» - деген пәрмен беріледі.Бұл пәрмен бойынша гранатаатқышшы ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, гранатаатқышты тежегішке қояды.Сонымен қатар, түнгі атыс кезінде оптикалық көздеуіштің торларын жарықтандыру құралдарының жұмысын тоқтату керек.

Атысты толықтай тоқтату үшін: «Тоқта!» пәрменінен соң: «Оғын ал!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша гранатаатқышшы гранатаатқыштың оғын алады. Түнгі атыс кезінде оптикалық көздеуіш торын жарықтандыру жұмысын тоқтатып,әрі қарай жағдайға байланысты әрекет жасайды.

Ағаштың артынан , ғимарат және басқа тасалар бұрышынан атыс жүргізу үшін дененің бір бөлігі бүркемеленетіндей болып , тасаға сүйенуге ыңғайлы орын таңдалады.

Оқпана немесе ордан ату үшін оқпана қабырғасына сүйкеніп тұрып, екі қол шынтақтарын жерге тіреу керек.



в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Гранатаатқышшының көмекшісі қандай қызмет атқарады?

  • Гранатаатқыштан атыс жүргізу қандай жағдайларда жүргізіледі?

  • Гранатаатқыштан ату неден тұрады?

  • Атысты тоқтату нешеге бөлінеді?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет