Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Х.Есенжановтың шығармашылығы мен «Ақ Жайық» романын оқып келуге беремін.
Күні: 19.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын»
(1920 – 1988)
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген Мұқан Иманжанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
М.Иманжановтың дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында, Жыланды деген жерде дүниеге келген. Әкесі жастай қайтыс болған ол ана тәрбиесінде өсіп, өз ауылында орталау білім алады. Кейін Оралдың ауылшаруашылық техникумында оқиды. Болашақ ақынның әдебиетке әуестенуі мен өлең жазуға ұмтылған алғашқы талабы да Оралда басталады. Ол әдебиет үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады. 1939 жылы «Комсомол ұрпағы» атты облыстық жастар газетінде «Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңі жарық көреді.
1940 жылы Жұбан әскерге шақырылады. Сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ол соғыста жүріп қару мен қаламын қатар ұстайды. Ақын «Отан үшін», «Майдан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.
Армия қатарынан қайтқаннан кейін Жұбан «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналының редакцияларында, Қазақстан Жаушылары одағында басшы қызметтер атқарды. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. Осыдан кейінгі жылдарда «Қызыл галстук» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Жыр туралы жыр» (1957), «Заман тынысы» (1960), «Жесір тағдыр» (1962), «Ғашық көзбен» (1964), «Мен – қазақпын»(1965), «Қыран дала»(1970), «Байқоңыр баспалдақтары»(1979) т.б. жыр жинақтарын ұсынды.
Білімді бекіту:
1. Ж. Молдағалиев қандай оқу орынданында оқып, қандай қызметтерде болды?
2. Ж. Молдағалиевтің алғашқы әңгімелері қалай аталды?
Жазушының қанша жыр кітабы жарық көрді ?
Достарыңызбен бөлісу: |