Cабақтың тақырыбы : «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»
(ХІ сынып,Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана тақырыбы)
Сабақтың мақсаты: білім беру – романдағы әйелдер бейнесін ашу;танымдық – Абайдың әйел-ана,қыз-тағдыр,махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету; тәрбиелік – оқушыға Абайдың адамгершілік,имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беру.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ,СТО технологиясы.
Көрнекілік:Абайдың портреті,иллюстративті түрлі түсті таблицалар,техникалық деректі суреттемелер.
Пайдаланылатын оқулық,көмекші құрал:М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы; «Жарқ етпес қара көңілім ..»
(Абайдың өлеңдер жинағы); Светқали Нұржанов «Таң қауызын жарғанда» өлеңдер жинағы. «Қазақтың би-шешендері» жинағы.
Сабақтың өту кезеңдері.
І.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасамын.Көңіл күйлеріне,кабинеттің бүгінгі сабаққа дайындығына көңіл аударамын.Оқушыларды түгендеймін.
Светқали ақынның жаңа жыр жинағындағы Абай ұлылығын паш ететін тұстарын атап көрсетемін.
ІІ.Өткен сабақ тапсырмаларын тексеру үшін бірнеше оқушыға кеспе карточкалар таратып,сабақ барысында жауап алатынымды ескертемін.Ал бүгінгі талдау сабағы күрделі болатындықтан бірден жаңа сабақ материалына кіріспе жасаймын.
ІІІ.Бүгінгі сабақ тақырыбын тақтаға жазып көрсетемін.
Бұл тақырып ұлтымыздың әр заман талқысынан өтіп,қазір әйел-аналарымыз қоғамдық дамуда өз биік орын алып отырғанын естеріне сала кетемін.Ауыз әдебиетінің де небір үлгілері бұған соқпай өтпейді.
Бірде Орта жүздегі аржас Шорман төренің баласы Мұса бір топ кісімен атақты Саққұлақ бимен амандасқалы келе жатып,жанындағыларды сынау үшін мынадай бір сұрақ қойыпты:
Ағат деген немене?
Сағат деген немене?
Қанат деген немене?
Жанат деген немене?
Ханым деген немене?
Қасындағылар ананы айтып,мынаны айтып,бидің көңілін таба алмапты.Олардың жауаптарына көңілі толмай келе жатқан Мұса осының мәнісін өздері амандаса келген атақты би Саққұлақтан сұрапты Сонда «Арғынның ағасы» атанған қарт би былай деген екен:
Екі кісі ұрысса –
Ағат емей немене?! Тоқтышақтың терісі
Екі жақсы сөйлессе – Тоңдырмаса суыққа -
Сағат емей немене?! Жанат емей немене?!
Мінген атың болдырмай, Адал болса алған жар -
Мәре жерге жеткізсе – Ханым емей немене?!
Қанат емей немене?! Жайлы болса мінезі -
Жаның емей немене?!
Жесір дауында Ақтайлақ би қорлық көрген қыз баланың тағдырына ара түсіп,оның бас бостандығын былай қорғаған екен:
Жақсы туған қыз бала
Батыр туған ұлмен тең ...
Сатылса малға қарындас –
Есікте жүрген күңмен тең.
Жабырқап көңілі ашылмай,
Қараңғы болар түнмен тең.
Көз жасын көрер пенде жоқ,
Қайғының дерті умен тең.
Еркі өзінде болса,
Мына отырған қарындас
Болар енді кіммен тең?!
Осылайша шындыққа жұрттың бәрінің еріксіз басын игізіп мойындатқан бидің айтқыштығынан қыз бала басына азаттық алған екен.
Қазақ халқы қыз сұлулығын әуелден-ақ жырға қосқан.
Бет ажарын қарасаң –
Жазғы түскен сағымдай.
Ет ажарын қарасаң –
Терісінен айырған
Арпа- бидай ақ ұндай ...
«Қалқатай отыр ма екен,жатыр ма екен
Аққудай көл шайқаған аппақ болып!..»
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз».
Осылайша өткенге оралып,ұлтымыздың Әйел-Ана тақырыбына әуелден-ақ бей-жай қарамағанын дәлел етемін.
IV. Хрестоматиядағы Абайдың Тоғжанмен ең алғаш Сүйіндікті мекені – Түйеөркеш жеріндегі кездесуі туралы баяндайтын тұстарын тапқызып,оқытамын(245249-беттер).Тоғжан портретін өзім мәнерлеп оқып беремін. «Портрет», «мінездеме», «пейзаж» ұғымдары бойынша сұрақтарға жауап алып,теориялық білімдерін пысықтаймын.
V. Оқушыларға берілген кеспе карточкаларға жауаптар алынады.
- Абайдың Абай болуына әсер еткен өмірлік үш «көзі» қандай еді?
- Абайдың өз әкесі құнанбайға деген көзқарасы қандай болды?
- Абай үлкендер алдында әдепті болуды кімнен үйренді?
(Әжесі мен анасы Ұлжан тағлымы.)
- Абай өз өлеңдерінде көп сынаған қазақтың бойына сіңген мінездері.
«Абай жолы» романы бойынша өткен сабақтарды еске ала отырып,тақтаға Венн диаграммасы бойнша талдау жасатамын. (Ескерту.Төмендегі жауаптарды оқушылар жетекші сұрқтарға жауап бере отырып,өздері тауып талдайды.)
Осыдан барып Абайдың мәңгілік махаббат тақырыбы өзінің қолы жетпей кеткен ғашығы – Тоғжанға арналу себебі ашылмақ.Ғашығы мен әке таңдауымен алған жарына деген қарым-қатынас сыры Абай көзімен,жазушы шеберлігімен ашылады. (Бүгінгі сабақ тақырыбына айналып отырған Абайдың осы аттас өлеңін өзім әнмен орындап беремін.)
Романдағы басқа да әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады.Содан барып дәптерге әр оқушы кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазу тапсырмасы беріледі.Мысалға оқушылар тапсырманы мынадай үлгіде жазып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |