Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет48/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
1.Мұғалім түсіндірмесі.
Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда"поэмасы 1973жылы жарық көрген.Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығы -шығарманың қайталанбас өз ерекшелігіменде күрделене түскен.Ақын шығарманы тереңнен толғанып,адам жүрегінен орын алатындай дәрежеде жазып,поэманың сұлу сарайына айналдырған. Поэманың құндылығы оның сапасымен, көлемімен бағаланбайды. Ақынның бұл поэмасының құндылығы биік таудан сарқырай аққан таза,мөлдір бұлақ секілді дүние.Оны оқыған адам сусындап,мейірі қанып рахатқа бөленетін құнды дүние.Шығарманың негізгі идеясы-ана бейнесі арқылы көлдің еркесі аққуға жасалған қастандықты көрсете отырып,қиянаттың қайғыға ұрындыратынын ұғындыру,қоршаған ортаның заңдылығына қарсы келмеу керектігін көрсету. Дәлелім:Жалғыз ұлы өлім аузында жатқан ананың тәуіптің сөзіне еріп,табиғат ананың аққу перзентін атып,өз перзентінен айрылуы.Логикалық қорытынды жасар болсақ:Бұл дүниеде екі ана бар.Бірі-табиғат анамыз,2-шісі адам анамыз.Екі анада мейірімді,аналарға қатаңдық көрсетуге болмайды.Адамзат-табиғат перзенті делік,онда адам анаға табиғат ананың перзенті аққуға мылтық кезенткен қандай күш?Ол-ананың баласын өлімнен құтқарғысы келіп ұмтылған,ананың балаға деген жанұшырған махаббат күші.Аққуды өлтіріп өз перзентінен айрылған ана ес-түссіз,аңырап қалады.Мұндағы қорытынды-айнала қоршаған ортаға зиян келтірмей, табиғаттың заңын қорғау.Эссенің құрылымына келсек:1.Кіріспе.Жетімкөлдің табиғаты суреттеледі.Сұлу ақ қанатты, пәк,сұңқыл үнді талғампаз киелі құс-аққудың мекеніне айналған көл мен оның сұлу табиғаты.2.Негізгі бөлім.Ананың жалғыз ұлының өлім қәлінде жатуы.Тәуіптің:аққу қанатымын емде- деуі.Ашынған ананың көлге аттанған дәрменсіз келбеті бейнеленген.3.Қорытынды бөлім.Жалғыз ұлын өлімнен құтқарғысы келген ананың көлге келіп аққуды атуы.Өлген аққу мен қанға боялған жаралы аққудың сұңқылдаған бейнесі.Көлден ұшқан аққулар.Дәрменсіз,ессіз күйде үйіне оралған ана бейнесі.Поэманың соңында Жетім көл өз сұлулығы аққудан айрылып,аққудың сұңқылы есітілмейді.Поэмада көлдің сәні аққу екенін дәлелдеп,табиғатты аялауға тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет