Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Сабақтың мазмұны
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
|
1-2 мин.
|
А) Оқушылармен амандасу. Ә) Назарларын сабаққа аудару.
|
2. Мақсат қою
|
2 мин.
|
Балалар, біз сендермен «Көксерек» әңгімесін оқып шықтық. Бүгін сабақта пікір таластарамыз, бір-бірімізді тыңдаймыз, тақтаға қысқаша түрде жазамыз.
|
3. Кіріспе бөлім. Дайындық кезеңі.
|
10 мин
|
Дебат сабақты сапалы түрде жүргізу үшін талдау барысында бағыттама сұрақтарды қолданамыз.
1. Қасқырлар мекені.
А) Қараадыр сайы әңгімеде қалай суреттелген?
Ә) Жас қызыл қозыны екі қомағай қанды ауыздар қалай асайды?
2. Адамдар қиянаты.
А) Адамдардың іс-әрекеті дұрыс па?Өзің оны қолдайсың ба?
3. Көксеректің ұрлығы:
А) Ауыл адамдары неге жек көрді,жазалады?
4. Ұяласымен табысу.
А) Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
5. Қараадыр еліндегі мазасыздық.Табиғаттағы тағылар тіршілігі әңгімеде қалай берілген?
6. «Құтырған Көксерек»
Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?Көксерек өзі сияқты тіршілік иелерінің басшысы болды.Ол жаралы және аш еді.Туғаннан бергі көресіні адамдардан көріп қой бағып жүрген балаға тап береді.
7.Ақ қасқаның Көксеректі жеңуі.Ақ қасқа үш бірдей қасқыр алған.
|
4.Негізгі бөлім.
|
20 мин.
|
1. Тақтадағы бағыттама сұрақтарды кезең-кезеңімен оқып отыру.
2. Айтылым.Әр сұраққа пікірталас ұйымдастыру.А) даттаушы жақ.Ә) жақтаушы жақ.Мысалы:даттаушы жақ: әңгіменің басы қараадырдың басы елсіз сайынан басталады.Айналадасұрықсыз шұбарадырлар. Жақын төбелерді аласа бос қараған,тобылғы басқан сай сондай сұрықсыз суреттелген деп ойлаймын.
3. Тыңдалым.Сюжеттің дамуы бойынша кезең-кезеңдерін тәртіпке келтіруге салып,қорытынды сөйлемді бөліп алу.
4. Жазылым. Негізгі ойды тақтаға кезең-кезеңмен жазып отыру.
1. Авторы: М.Әуезов. 2. Тақырыбы: «Көксерек». 3.Жанр түрі: әңгіме. Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
|