Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс


ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; 2 топ.Дәйексөздермен жұмыс



бет3/4
Дата01.04.2024
өлшемі77.26 Kb.
#497161
түріСабақ
1   2   3   4
Перизат.149 мектеп

ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;


2 топ.Дәйексөздермен жұмыс.
Оқушыларға белгілі тұлғалардың Кенесары Қасымұлы туралы айтқан сөздерінен цитаталар ұсынылады. Оқушылар төменде берілген цитаталарды негізге алып, топта кеңесіп,Кенесары тұлғасына баға береді.

  1. Л.Мейер

  2. Аткинсон. Т.В

  3. Коншин Н.

«Біздің даладағы билік соңғы уақытқа дейін өзін қазақ халқы мойындаған бір адамның қолында шоғырланды. Бұл адам жоғарыда аты аталған Кенесары Қасымов еді...
Жалпы оның адамдарды тарта білетін ерекше қабілеті бар.....Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» Л.Мейер.
«Кенесары қазақтардан тамаша жауынгерлерді даярлап шығатынға ұқсайды ......Шыңғысханның тарихта әйгілі болып қалған әскерлерінің барлық қасиеттері олардың бойында мол екен» Аткинсон. Т.В.
«Ол барлық жағынан ерекше адам болды. Өзінің қолдаушылардан әлдеқайда жоғары тұрған ол жеке бас даулары мен рулық қатынастардың шиеленісуін әрқашан әділ шешіп беріп отырды. ...Кенесары шын мәнінде бүкіл қазақ ұлтының батыры болған басқа ешкімді де айта алмаймыз» Коншин Н.
ЕБҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.
2 тапсырма
ЖЖ. Жылдар сөйлейді
Оқушылар төмендегі есептерді шығарып, қандай оқиға болғанын айтып,картадан көрсетеді.
800+700+302=1802ж Кенесары хан Көкшетау өңірінде дүниеге келді
250+360+820+407=1837ж Хорунжий Рытовтың отрядын талқандады
690+400+354+397=1841ж Хан сайланды
450+280+640+477=1847ж Қырғыстанның Кекілік-Сеңгір аңғарында қайтыс болады
3-тапсырма. ЖҰ
Салыстыру.
Сынып оқушылары Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісті С.Датұлы және И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістермен салыстырады.

  1. Көтерілістердің мақсаттары;

  2. Көтерілістердің нәтижелері;

  3. Көтерілістердің тарихи маңыздылығы




ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Мәтінмен жұмыс
Дескриптор:
Тұлғаның өмір сүрген уақыты мен ортасын сипаттайды;
Тұлға болып қалыптасуына әсер еткен жағдай мен заманды анықтайды;
Тұлғаның атқарған іс-әрекетін атайды
Дескриптор:
Жеке қасиетін сипаттайды
.Әскери қабілетін анықтайды
3-топ. Әділдігі мен батырлығын нақтылайды


Дескриптор:
.Көтерілістер мақсатындағы айырмашылықты атайды;
.Көтерілістер нәтижелеріндегі ұқсастықты түсіндіреді;
.Көтерілістердің тарихи маңыздылығын талдайды


Дескриптор:
Кенесарының туылған ,қайтыс болған жерін картадан анықтайды;
Дескриптор:
- Көтерілістер басшыларының мақсатында ортақ мүдденің болғандығын дәйекпен дәлелдейді;
- Ортақ мақсаты мен мүддесі бар халықтың жеңіске жете алмау себебін дәйекпен талдайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет