Сабақтың тақырыбы: «Кім көп біледі?»



бет4/5
Дата31.03.2023
өлшемі43.99 Kb.
#471447
түріСабақ
1   2   3   4   5
ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ химиядан сыныптан тыс жұмыс (1)

жүргізуші: ІV.кезең «Сиқыршылар қаласы»
Бұл кезеңде 3 топ оқушылары "Қызықты тәжірибелер"көрсетеді. Тәжірибенің құпиясын жазбаша тапсырады.
1 топ. «Жанбайтын орамал»
Сұйық еріткішке шүберекті батырып алып, оны жандырамыз. Шүберек жанбайды.
Құпиясы мынада:Тек шүберек сыртындағы еріткіш жанып, шүберек жанбайды.


2 топ «Шақпақ қантты қалай жағуға болады?»
Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынында ұстаса, ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып, әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жаңа бастайды.
Құпиясы мынада: Темекі күілінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни өршіткі қызметін атқарады.


3 топ «Көңілді шар»
Құпиясы мынада:Мереке күндері шардың орны ерекше. Ал, сол шарды ауызбен емес, басқаша үрлеуге бола ма? Әрине, болады. Ол үшін шардың ішіне 1 шай қасық ас содасын салыңыз. Сосын бөтелкеге сірке қышқылын құйыңыз. Шарды бөтелкенің басына кигізіп, ішіндегі соданы бөтелкеге себіңіз немесе төгіңіз. Қандай құбылыс байқалады?
Реакция нәтижесінде сірке қышқылы содамен әрекеттесе бастаған кезде, СО2 газының бөлінуімен күшті химиялық реакция жүреді.
CH3COOH + Na(HCO3) → CH3COONa + H2O + CO2­↑
Ауа шары көз алдымызда үрлене бастайды. Егер тәжірибеге суреті бар шарды алатын болсақ, онда балалардың қызығушылығы артады.


І.жүргізуші: Бүгінгі сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқасын ортаға шақырайық.


Қорытынды.
Бүгінгі «Кім көп біледі?» деген тақырыпта интелектуалдық ойынға
жасаған сапарларыңызда қиындықтан қайырылмай өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз. Әрдайым сапарларыңыз сәтті болғай!


БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Р/с

Ойын кезеңдері

"Сатпаев" тобы

"Менделеев" тобы

"Ломоносов" тобы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет