ДЖИГСО әдісі бойынша 3 топқа бөліп теориялық материалды меңгереді.
1 – топ Механикалық энергия тобы
2- топ Кинетикалық энергия тобы
3-топ Потенциалдық энергия тобы
Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.
Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.
Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.
Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
Сабақты бекіту үшін 5.4-жаттығу
ТОППЕН ЖҰМЫС
Тапсырма №1
Доптың жерге соғылу кезіндегі кинетикалық энергиясы 45 Дж. g=10 Н/кг
Егер доптың жылдамдығы 10 м/с болса, оның массасы қандай? …………………………
b) Доптың ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын табыңыз…………...
c) Доп қандай биіктіктен құлаған?………
Тапсырма №2
Су электр станциясы
Су электр станциясы-электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.
Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
1.Энергияның түрлерін ата………………
2. Су электр станциясында энергия қалай түрленеді?....................................................
А.Потенциалдық энергия электр энергиясына айналады
Б. Кинетикалық энергия электр энергиясына айналады
С. Потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады
Д. Механикалық энергия электр энергиясын айналады
Е. Энергия түрленбейді
3. «Иә» немесе «жоқ» таңдаңыз.
СЭС үшін келесі пайымдаулар дұрыс па?
|
Иә немесе Жоқ
|
Жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жар етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады
|
Иә/ Жоқ
|
Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы.
|
Иә /Жоқ
|
Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады ;
|
Иә / Жоқ
|
Достарыңызбен бөлісу: |