Құрылыс машинасының жүру жабдығы
Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып,индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тастағыш, гидромеханикалық машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарынан нығыздау жұмыстарын атқарады.Салмағы 100 тонналық қарапайым таптапуыш машина қалыңдығы 40-50см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80-120см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді Жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсгіш т.б,. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады. Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар — бұл жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын мүлік түрі. Бағалау тәжірибесіне заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың меншігінде болатын мүлікті қарастыру тән. Кәсіпорынның барлық мүліктері жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер қойнаулары, жеке су объектілері, ормандар, ғимараттар мен құрылыстар жатады. Сонымен жылжымайтын мүлікке жер учаскелері және де жер учаскесінің астындағы, үстіндегі заттар кіреді. Содан басқа Ресейлік заңнама жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуге жататын теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері, ғарыштық объектілер кіреді. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке басқа да мүлік түрі жатуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікпен байланысты кез келген мәмілелер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.Жылжымайтын мүлікке жатпайтын заттар, оның ішінде ақшалар мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып танылады. Заңда ерекше жағдайлар қарастырылмаса онда жылжитын мүлікке құқықты тіркеуге міндетті емес. Кәсіпорындағы жылжитын мүлік құрамындағы басым бөлігі — бұл әр түрлі жабдықтар: машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар, механизмдер, құралдар, көліктік құралдар, жиһаздар, байланыс құралдары, есептеу техникасы және т.б. Жылжитын мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік оргнадарда тіркеуге жатады..Жабдықтар мен көліктік құралдардың машина объектілерінен айырмашылығы олар тек қана жермен байланысты емес, олар басқа жерге ауыстырылуы мүмкін, өз алдына жеке және функционалды немесе байланыста болып технологиялық кешендер құруы мүмкін. Машина, құрал - жабдықтар және көлік құралдарының нарығының құрылымы күрделі, ал құралдың құнын анықтау көбінесе нарық сегментінің жағдайына тәуелді. Кез-келген машиналар тобының өзінің секторы болады, және бұл секторлар жылжымайтын мүлік нарығындағы секторларға карағанда анағұрлым көп. Әртүрлi секторлардағы нарықтың сипаты да әр түрлi. Машина мен құрал-жабдықтарды бағалау төтенше көп түрлі қиындықтармен қатарласады. Сонымен қатар бағаланатын машиналар шығарылатын немесе жаңа емес, ескішілдікте, эксплуатациялық паркте тұрған, өндірістен шығарылып тасталған машиналар болып табылады.Бағалау кезінде бағаланған объекті теңестіру маңызды рөль атқарады, яғни объектінің құжаттық және шындық жағдайының арасындағы сәйкестікті анықтау. Машина мен құрал-жабдықтардың көптеген орындалуға, модефикацияда жасалуы, толықтырушыларының әртүрлілігі бағасына да едәуір әсер етеді. Осыған орай теңестіруді жургізі керек, өйткені бағалау нәтижесі мен бағалаушы беделі оның сапасына тәуелді болады. Соңғы 10 жылдары Қазақстанда бағалау қызметінің шапшаң дамуы байқалды..Нарықтық экономикаға көшуге байланысты мемлекетте бәсекелес мүлікті меншіктенушлердың көбейгені байқалды. Кәсіпорын және жеке тұлғалардың мүлігі шаруашылық айналымға кіргендіктен оның нарықтық құнын бағалауға қажеттілік өсті. Соңғы жылдары тек қана бағалау жұмыстарының көлемі ғана өспей қоймай, олардың бағытталуы да өзгеріске ұшырады. Егер 90 жылдары бағалаушылар кәсіпорын тапсырыстары бойынша негізгі қорларды қайта бағалаумен айналысса, қазіргі кезде бағалаушылар шаруашылық процедуралар негізінде мысалға, приватизация, қосымша акция эмиссиясын шығару арқылы бизнеске жаңа қатысушыларды тарту, мүлікті сақтандыру, мүлікті кепілдемеге беру арқылы несие алу, салық төлемдерін есептеу, мұраға беру құқықтарын орындау сияқты мүлік құқықтары мен меншіктенушілер құрамының өзгеріске ұшырауына байланысты қызметтер көрсетеді. Автомобиль көлігі сандық және сапалық жағынан қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта әлемдік автомобиль паркінің жылдық өсімі 10-12 млн. данаға, ал оның саны – 400 млн данаға тең. Әр бес автомобильдің төртеуі жеңіл көлік және оның үлесіне, жолаушыларды тасымалдайтын көліктің 60 % астамы тиесілі. Бірақ та автомобильдендіру үрдісі, автомобиль паркін тек кеңейтумен ғана шектелмейді. Автокөліктерді қарқынды дамыту, ғылыми ізденіс пен мағыналы материалдық шығынды қажет ететін мәселелерді туындатады. Олардың негізгілері: көшелердегі өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы, жол құрылысы мен көріктендіру, тұрақтар мен гараждарды ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялар, қоймалар, жанар май құятын станциялар мен басқа кәсіпорындар құрылысы.Жеке азаматтарға тиесілі автомобиль паркінінің қарқынды дамуы, автомобиль құрылысының күрделігі, өздеріне тиесілі автомобильдерге қажетті техникалық қызметті білікті түрде көрсете алмайтын адамдар санының өсуі, жолдардағы қозғалыс идентификациясы мен басқа да факторлар жаңа автотехникалық қызмет өнеркәсібі саласын құруға жағдай жасады. ТҚ жетілдіру мен жеңіл автомобильдерді жөндеудің маңызды бағыттары: алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолдану, өндірісітік қызметтерді басқару мен ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, негізгі өндірістік қаржыларды тиімді пайдалануды көтеру, технологиялық және құрылыс жағынан алғанда неғұрлым жетілдірілген жаңа жобаларды қолдану және қолданыстағы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын қайта құру және оны сатылы түрде дамыту, қызметтер сапасы кепілділігін арттыру мен оларды қамтамасыз ететін шараларды материалдық және моральдық жағынан қолдау. Сондай-ақ автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың акуальды міндеттерінің бірі болып, ТҚС өндірістік қызметтерін басқару, еңбек шарттарын жақсарту, еңбекке кететін шығындар мен негізгі өндірістік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Техниикалық қызметтер көлемі мен сипаты, және әсіресе ағымдық жөндеу жұмыстары жыл мезгілдері, жол және ауа райы жағдайына, автомобильдің шыққан жылы мен құрылысына байланысты өзгеріп отырады. Бұл өзгеріп отыратын жұмыстардың дер кезінде сапалы орындалуы үшін, өндірісті нақты және тиімді ұйымдастыру қажет. Бұл шығындарды азайтуға тиімді шараларды ұйымдастыру арқылы белсенді түрде әсер етуге болады. Бағалау обьектісі көп жағдайларда жылжитын және жылжымайтын мүлік арасында қалып қояды,мысалы ресейлік заңдарға сай жылжымайтын мүліктерге жататын инженердің құрал-жабдықтары, шахталық көтермелері, және кемелер. Сондықтан бағалаушы бағаланатын обьектіні активтіңқай түріне жатқызуына шеші қабылдау үшін әр жағдайды мұқият талдауы, анализдеуі керек.
Материалды активтер – физикалық және сезілмелі табиғаты бар мтериалдық обьектілер; жылжитынға жататын активтер дегеніміз орнын ауыстыра алатын және жылжымайтын мүлікпен үнемі байланыста болмайтын материалдық обьектілер. Жылжымайтын мүліктің жалпы анықтамасына (материалдық емес активтен басқа) жылжымайтын мүлікке жататын немесе жылжымайтын мүлікке үнемі тіркелген игіліктің бәрін жатқызуға болады. Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар — бұл жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын мүлік түрі. Бағалау тәжірибесіне заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың меншігінде болатын мүлікті қарастыру тән. Кәсіпорынның барлық мүліктері жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер қойнаулары, жеке су объектілері, ормандар, ғимараттар мен құрылыстар жатады.Кәсіпорындағы жылжитын мүлік құрамындағы басым бөлігі — бұл әр түрлі жабдықтар: машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар, механизмдер, құралдар, көліктік құралдар, жиһаздар, байланыс құралдары, есептеу техникасы және т.б. Жылжитын мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік оргнадарда тіркеуге жатады. Мысалы, автотранспорттық құралдар ГИБДД органдарында тіркеледі, котельдік және энергетикалық қондырғылар сәйкес техникалық қадағалау органдарында тіркелуі керек. Жабдықтар мен көліктік құралдардың машина объектілерінен айырмашылығы олар тек қана жермен байланысты емес, олар басқа жерге ауыстырылуы мүмкін, өз алдына жеке және функционалды немесе байланыста болып технологиялық кешендер құруы мүмкін. Сонымен қатар ғимараттың бөлінбес бөлігін құрайтын жылжымайтын мүлік құрамында есептелетін (лифттер, вентиляция жүйелері, жарықтандыру және т.б.) кейбір жабдықтар түрін кездестіруге болады.
Жол көлік құралы – бұл жалпы қолданыстағы жолдарда адамдар, онда орнатылған жүктерді немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған қондырғы. Механикалық көлік құрал – двигательмен қозғалысқа келетін мопедтен басқа жол көліктік құрал. Механикалық көлік құралы құрамына автотранспорттық құралдар, мототранспорттық құралдар, троллейбустер, коммунальды автотехника, тракторлардың жеке түрлері кіреді. Автотранспорттық құралдар – бұл жабдықталған түрінде 400 кг салмағы бар механикалық көлік құралы. Жабдықталған салмақ толығымен жанармай, майлар, салқындататын сұйық құйылған және де жүксіз, жолаушыларсыз, жүргізушісіз жинақталған көлік құралының салмағы түрінде анықталады. Автотранспорттық құралдар жолуашылық, жүктік, арнайы деп бөлінеді. Жолаушылық автотранспорттық құрал құрамына жеңіл көлік және автобустар кіреді. Жүктік автотранспорттық құрал құрамына жүк көліктері, соның ішінде мамандандырылғандар кіреді. Арнайы автотранспорттық құралдарға көліктік емес жұмыстар орындауға арналған арнайы жабдығы бар құралдар кіреді. Жүктік автомобиль – бұл жүктерді тасымалдауға арналған втотранспорттық құрал. Жүктік автомобильдер борттық соның ішінде прицеппен (борттық тягач), автомобильдік тягачтар жартылай прицеппен (седельді тягач), самосвалдар және мамандандырылған автомобильдер болып бөлінеді. Мамандандырылған автомобиль - бұл арнайы кузовпен және құрылғымен жабдықталған белгілі бір жүк түрлерін тасымалдауға арналған прицеп немесе жартылай прицебі бар жүк көлігі. Мамандандырылған автомобильдерге фургоны бар көліктер (жалпыға арналған изотермиялық, нан, жиһаз, киім, жануарлар үшін рефрижераторлар) немесе цистерналарымен (сұйық және сусымалы үшін); контейнеровоздар; ауыстырылатын кузовтары бар көліктер; ұзын жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдер; тяжеловоздар; панелевоздар; блоковоздар; фермовоздар; плитовоздар; балковоздар; сантехкабиновоздар; құрылыс қоспаларын тасымалдауға жабдықталған автомобильвоздар кіреді. Шынжыр табанды крандары бүкіл әлемдегі көптеген құрылыс алаңдарында жұмыс істейді. Басқа көтергіш механизмдердің, автомобиль және мұнара крандарының арасында бұл өте қажет. Автомобиль крандарымен салыстырғанда олардың жүк көтергіштігі жоғары. Үлкен плюс-олар автокранға қажет сыртқы тіректерсіз жұмыс істей алады. Сондықтан, шынжыр табан краны крюктегі рұқсат етілген номиналды салмақтың салмағымен де сайт арқылы жүре алады. Шынжыр табандар кез-келген платформада қозғалуға мүмкіндік береді. Шынжыр табанды Кранның өткізгіштігі доңғалаққа қарағанда әлдеқайда жоғары. Төменгі жағындағы ауыр қозғалтқыш төмен ауырлық центрін және қосымша тепе-теңдіксіз тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ауыр төменгі бөлік мұндай крандарды жүк көтергіш крандарға қарағанда ұзағырақ, доңғалақты нұсқаларға қарағанда көп салмақты көтере алатын жебемен жабдықтауға мүмкіндік береді. Мұндай кран мобилен, жылжымалы, мүмкін развернуться іс жүзінде орнында қабілетті жетуге кез келген учаскесіне құрылыс алаңының және бірден, қосымша дайындық, жұмысқа кірісу. Шынжыр табандары бар қуат блогы қуатты тарту күшін қамтамасыз етеді. Көбінесе грейферлер, электромагниттер және копра құрылғылары трек крандарына ілінеді. Оларға планетарлық лебедка орнатылады, ол жүктердің тегіс және тыныш қозғалысын орындайды, бұл краншыға жүктерді өте дәлдікпен жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың жағымды ерекшелігі-олар қарапайым және басқаруға ыңғайлы, бұл краншының жұмысын үйретуді қарапайым және жылдам етеді. Қысқа қашықтықта, мысалы, құбыр құрылысы аймағында немесе үлкен құрылыс алаңында мұндай крандар өздері қозғалады. Алыс қашықтыққа тасымалдау мұнара крандарымен салыстырғанда және жебені монтаждау орнына келген кезде өте қарапайым бөлшектеуді қажет етеді. Тасымалдау үшін стандартты автотіркеуіштер қолданылады, оларға жебесі алынған кран өз жүрісімен кіреді. Теміржол платформаларымен тасымалдау мүмкін. Қажет болса, мұндай кранды бірнеше үлкен түйіндік бөліктерге бөліп, кез-келген жерге бірнеше жүк көлігімен тасымалдауға болады. Шынжыр табанды крандар-әмбебап құрылыс техникасы.
Оларды ірі көлемді және ауыр жабдықтарды, металл мен темірбетоннан жасалған кез-келген конструкцияларды, тұрғын үй немесе металлургия, мұнай химиясы және кез-келген басқа өнеркәсіп нысандары болсын, кез-келген құрылыста көруге болады. Олар рельстен шығып кеткен жағдайда вагондарды көтереді. Олар апаттық үйінділерде жұмыс істей алады және тіпті таяз кемелерді көтере алады. Мұнара кранын жұмысқа дайындау белгілі бір уақытты қажет етеді. Рельсті жолдарды орнатып, ранның өзін орнату керек. Егер құрылыс алаңы жұмысты бастауға дайын болса, тоқтап қалу және уақытты жоғалту болмаса, шұңқырларда және бірінші қабаттарда жұмыс шынжыр табанды кран жасай алады. Орташа қабатты ғимараттардың құрылысында мұнара краны мүлдем қажет болмауы мүмкін. Ол шынжыр табанды сәтті ауыстырады. Барлық крандар бір классикалық схемаға сәйкес жасалады. Негізгі бөліктері мен тораптары: жүріс бөлігі, бұрылу бөлігі, бұрылу механизмі, жүкшығыр, күштік дизель-электр агрегаты, генераторлық топ, басқару кабинасы, монтаждау тіреуі, тірек-бұру құрылғысы, жебе жабдығы, мұнара жабдығы, ілгек құрсауы. Сондай-ақ, әр кран қауіпсіздік құрылғыларымен және құралдарымен жабдықталған.
Шынжыр табанды кран жұмыс мұнаралы және жебелі жабдықтардың әр түрлі түрлерімен жабдықталуы мүмкін. Тік жебелердің ең көп таралған ұзындығы 10-нан 20 м-ге дейін. Көтеру биіктігі кірістіру бөлімдеріне байланысты айтарлықтай ұлғайтылуы мүмкін. Әр түрлі ұзындықтағы қаздар да қолданылады. Нәтижесінде, Кранның бумының ұзындығы 60-100 м дейін созылуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда, мысалы, кішігірім Жүктерді көтеру үшін, тіпті 100 м-ден асады. Көтеру жылдамдығы жүк көтергіштігі мен ұзындығына байланысты және минутына 5-тен 25 метрге дейін өзгереді. Айналу жылдамдығы минутына 1-ден 4 метрге дейін. Жебенің ең төменгі нүктеден жоғары нүктеге көтерілуі 1-3 минут ішінде болады. Кранның өзі сағатына 10 км жылдамдықпен жүре алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрылыс машиналары және жіктелуі?
2. Техникалық құралдар?
3. Шынжыр табанды кран дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |