Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: а Білімділік



бет1/17
Дата16.09.2023
өлшемі2.08 Mb.
#477724
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
сабақ жоспары




Сабақ жоспары


Құрылыс машиналары мен шағын механизация құралдары пәні бойынша

Оқу топтары: ҒМ-23-9, ҒМ-23-9А


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе


Сабақтың мақсаты:


а)Білімділік құрылыс машинасының жалпы сипаттамасын, құрылысын, жұмыс қозғалысын, өнімділігін оқиды.
ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту
б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________
Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау


III.Жаңа сабақтың мазмұны: Құрылыста құрылыс машиналарының мыңдаған типоразмерлері тағайындалуына, жұмыс істеу принципіне, өлшемдеріне, күштілігіне, өнімділігіне байланысты пайдаланылады.


Құрылыс машиналары классификацияланады: тағайындалуына (технологиялық түріне) байланысты; жұмыс істеу режиміне; қондырғының күш алу түріне; жүру дәрежесіне және әмбебаптылығына.
Құрылыс машиналарының тағайындалуына байланысты келесі топтарға бөлінеді: тасымалдау, тасымалдаушылар және арту-түсіру; жүк көтеру; жер жұмыстарына арналған; қада қағу жұмыстарына арналған; әрлеу жұмыстарына арналған; бетон және темірбетон жұмыстарына арналған; қол машиналары (механизацияланған құрал-саймандар).


IV.Тақырып бойынша оқушылардың түсінігін, көзқарасын білу
Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар:
1.Құрылыс машиналарының классификациясы.
2.Құрылыс машиналарына қойылатын талаптар.
3.Құрылыс машиналардың индексациясы.
V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.

VI.Үйге тапсырма: термин сөздер


Оқытушы: Алтынбаева А.Б




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет