8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §9. Жоңғар хандығы
Сабақтың мақсаты:
-
ХҮІІ ғасырда Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстырып, хандықтың саяси-әлеуметтік жағдайына сипаттама беру. Жоңғарлардың жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аударып, Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясатының мазмұнын ашып көрсету. Қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербеастігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлтжанды жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?
-
Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?
-
Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?
-
Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?
-
Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?
-
ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?
-
Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
Жоңғар хандығының құрылуы.
-
Жоңғар хандығының саяси-әлеуметтік дамуы.
-
Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары.
-
Жоңғар хандығының Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясаты.
-
Жоңғар хандығының күйреуі.
Маңызды оқиғалар:
-
1635ж.- Жоңғар мемлекетінің негізі қаланды.
-
ХҮІІ ғ. 40-ж.- Жоңғарлардың қазақ хандығына шабуылы.
-
1678 ж. –Шығыс Түркістанды бағындырды.
-
1681-1684 жж.-Жоңғарлар қазақ жеріне екі үлкен жорық жасады.
-
1755-1757 жж. – Жоңғар хандығының талқандалуы
ІҮ. Сабақтың бекіту: «Иә-жоқ» ойыны
-
ХҮІІ ғасырда Монғол жерінде қандай хандықтар өмір сүрді?
-
Жоңғар қандығы қай кезде, неліктен күшейді?
-
Қазақ-жоңғар соғыстарының салдары неге соқтырды?
-
Жоңғар хандығының жойылып кетуіне қандай оқиға себеп болды?
-
Цин империясы Жоңғар хандығының өмір сүруіннеліктен қаламады?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§9
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §10. Жапония
Мақсаты:
-
Білімділік: XVI ғасырдағы Жапонияның әлеуметтік жағдайымен таныстыру. Токугава сегунаты кезінде жапон халықтарының қандай топтарға бөлінгендігін, олардың жүргізген саясаты мен сол кездегі діннің рөлі және оның атқарған қызметі туралы тақырып мазмұнын оқушыларға кеңірек ашып түсіндіру.
-
Дамытушылық: Жапониядағы қос билік туралы оқушыларға білім бере отырып, оқушының дүниетанымын кеңейту. Өзін-өзі басқаруға дағдыландыру.
-
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік, ізгілік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасай алатын , білімді, жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат,
Әдісі: интерактивті
Көрнекі құралдар: карта, сызба, кесте, безендірулер, компьютер.
-
Идеялар мен жетекші ұғымдар: Токугава сегунаты, «тірі құдай», синтоизм діні, «си-но-ко-се», «сословиелік жүйе», «жабық есік», «шығыстық король», «батыстық техника», буддизм, конфуцилік.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
-
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Мұғалім: «Өткеніңді білу-бүгініңе сабақ, болашаққа бағдар» деп Е.Мырзахметов ағамыз айтып кеткендей,сіздер жаңа замандағы дүние дүзі тарихы сабағына келдіңіздер , Ассалаумағалейкүм!
Бүгінгі сабақтың бір ерекшелігі болады. Біз дүние жүзіндегі ең дамыған ел Жапонияға саяхатқа шығамыз. Бірақ саяхатқа сіздер өздеріңіздің құрбыларыңыз, осыдан 3 жыл бұрын осы елде болып, осы елдің тарихына қанық, 11 сыныптың оқушылары Сапарбекова Балнұр мен Пірімқұлова Ақнұрмен шығатын боласыздар. Бұл деген өздеріңізді -өздеріңіз басқарасыздар. Ал сапарларыңыз сәтті болсын!
Сабақты жүргізуші оқушылар
Сәлемдесу.
Балалар! Жапония дегенде ойымызға не оралады?
Жапонияны қай жағынан танимыз?
Жапонияға барғыларың келе ме?
Олай болса біз бүгін сіздерді сонау артта қалған XVII-XVIII ғасырдағы Жапон еліне саяхатқа апарамыз.
Жанония еліне жету үшін біз екі алып мемлекетті кесіп өтеміз. Олардың бірі Қытай болса, екіншісі Жоңғария. Бірақ бұл елдер бізді тектен-текке өткізбейді екен. Біз сол елдердің тарихын білуіміз шарт екен.
Осы екі елден өтсек Жапонияға саяхатты жақсылап жасайтын боламыз.
-
Қытай елі.
-
Қытайда маньжурлік Цин әулетінің үстемдігінің орнауына не себеп болды? /17ғасырдың 30-40 жылдарындағы дағдарыс/
-
Цин империясы мемлекеттік құрылысын қалай жүргізді? /Қытай елінің үлгісімен жүргізді./
-
Жоңғар елі.
-
1635 жылы негізі қаланған Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы кім?
/Батыр/
-
Жоңғар хандығын құрған ойрат тайпалары буддизмнің қай саласын ұстанды? /Лама/
-
Қарапайым шаруалар дегеніміз кімдер? /Араттар/
-
Дабашы, хойт тайп. басшысы Әмірсананың көмегімен қай жылы хан тағына отырды? /1752/
-
Қай жылы Қалдан Қашғарды басып алды? /1678/
-
Қалдан Серен қаза тапқан жыл? /1745/
-
Ойрат тайпалары қайсы тайпалардан құралды? /хойт, хошоуыт, дербет, чорос/
-
Мемлекетті басқарған қонтайшыларды ата?
/Батыр, Қалдан Бошоқты, Цеван Рабдан, Қалдан Серен/
Жапон еліне де келіп жеттік.
Картаға назар аударыңыздар. /картамен жұмыс/
Бұл елдің тарихына саяхатты мына жоспар бойынша жүргіземіз.
-
Жапониядағы қос билік
-
Токугава сегунатының сыртқы саясаты
-
Жапониядағы діндер және олардың атқарған қызметі
Жапониядағы қос билік
2-ші билік сегунда болды. Сегун /әскери қолбасшы/
-
Токугава әулеті 1603-1867 жылдар аралығында билік жүргізді.
-
Бұлардың билігі атадан балаға беріліп отырды.
-
Бүкіл елде халықтың саны 18 млн-ға жетті. 80 % ауыл шаруашылығымен айналысты
-
Елдегі ең бай феодалдық әулет Токугава үйі болды.
-
XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды.
-
Елдің астанасы Эдо қаласына көшірілді. /Қазіргі Токио/
-
Жапонияда әскери тәртіп орнады.
-
Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, сауда мен қолөнер орталықтары өсті. /Эдо, Киота, Нагая, Хаката, Нагасаки/
-
Сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталады.
2. Токугава сегунатының сыртқы саясаты.
Токугава әулеті шетелдіктермен байланыс жасады.
Шетелмен байланыс не үшін қажет болды?
2. Қару –жарақ жасау әдісі
1. Техникалық білімі
Бірақ шетелдіктердің елдегі тіміскі әрекеттері, елде өз ықпалдарын орнатуға тырысуы үлкен қауіп тудырды.
Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты . Осы кезде Жапонияда 700 мың христиан дінін қабылдаған адам болды.
Өзге діннің ықпалы бұл елде ішіне іріткі салады деп қорыққан билеушілер 1637 жылдан бастап бұл елге шетелдіктерді кіргізбей «жабық есік » саясатын ұстанды.
Жабық есік саясатының басты әрі негізгі себебі, сегундіқ билік арқылы бүкіл халықты бағыныштылықта ұстау, жатжерлік шапқыншылықтан, шаруалар көтерілістерінен мемлекетті қорғай алатын тәртіп ортану болды.
Жабық есік саясаты ХІХ ғасырға дейін созылды.
Токугава сегунаты шетелдіктердің елге келуіне тыйым салғанымен , әлемдегі мәдени өзгерістер мен техникалық жетістіктерді білудін бас тартқан жоқ.
XVII ғасырдың аяғынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «бастыстық техника» деген принцип қалыптасты. Яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да , ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды.
XVII-XVIII ғасырлар жапон мәдениеті өркендеген кезең.
3. Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі.
-
Жапондықтардың көпшілігі синтоизм дінін ұстанды.
-
Токугава әулетінің билігі тұсында халықтың басым бөлігі синкретизмді –синто мен буддизмдің қатар ұстады.
-
Сондай-ақ Жапонияға сырттан христиан діні мен Қытайдан конфуцийлік дін енген еді.
Синтоизм- табиғат күштеріне табынатын дін. Синтоизм императорлық билікті жақтаушылардың сиынатын діні болды.
Буддизм-пұтқа табынатын дін. Бұл сегундардың ұстанатын діні. Бірақ бұған олар онша арқа сүйемеді.
Конфуцилік дінде халықтың жергілікті басшыларға бағынуы керектігі туралы көп айтылатын болғандықтан бұл дінді сегундар жақсы ұстанды.
Негізінде Жапондар синтоизм мен конфуцийлік дінді нығайтты.
Қорытынды:
-
«Сегун» мен «сегунатты» айырмасы
-
Токугава сегунаты кезінде жапон қоғамы қандай таптарға бөлінді?
-
Токугава сегунаты неліктен «жабық есік» саясатын ұстанды?
-
Жапонияда 17-18 ғасырларда қандай діндер болды, олардың атқарған қызметтері?
Бекіту: Мұғалімде.
Бағалау: сабақты жүргізген оқушылар бағалайды және оқушыларды өздеріне өздерін бағалатады.
Үйге: XVII-XVIII ғасырлардағы Жапония.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: І тоқсанды қайталау қайталау
Сабақтың мақсаты:
-
І тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі:сұрақ жауап, интерактивті
Көрнекілігі:карта, кесте, сызбалар, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Қайталанатын материалдар:
-
Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы
-
ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық ғасыры
-
ХҮІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка
-
Француз буржуазиялық революциясы
-
ХҮІІІ ғасырдағы Ресей
-
Үндістан
-
Осман империясы
-
Қытай
-
Жоңғар хандығы
-
Жапония
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
«Ия-жоқ»
-
«Венн диаграммасы»
-
«Мұны әркім білуі тиіс»
-
«Эрудит»
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:І тоқсан материалдарын қайталау.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §11. Иран
Сабақтың мақсаты:
-
ХҮІІ ғасырда құрылған Ирандағы Сефевид мемлекеті, нәдіршах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы жағдайы, Иранда Каджар әулетінің билікке келуі туралы айта отырып, белсенді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Лекция
Әдісі:баяндау
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
«Сегун» мен «сегунатты» айырмасы
-
Токугава сегунаты кезінде жапон қоғамы қандай таптарға бөлінді?
-
Токугава сегунаты неліктен «жабық есік» саясатын ұстанды?
-
Жапонияда 17-18 ғасырларда қандай діндер болды, олардың атқарған қызметтері?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
ХҮІІ ғасырда құрылған Ирандағы Сефевид мемлекеті.
-
Нәдіршах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы жағдайы.
-
Иранда Каджар әулетінің билікке келуі
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
Картадан Иранның Сефевиттер әулеті билеген кездегі аумағын көрсетіңдер.
-
Иранда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда феодалдық жер иеленудің қандай түрлері болды?
-
Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады?
-
Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді?
-
Иранда мұсылман дінінің ықпалы қандай болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§11
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12. Араб елдері /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
-
Осман империясының құрамындағы араб елдері және олардың түрік үстемдігіне қарсы күресі, Арабия елделдерінің әлеуметтік-қоғамдық құрылысы мен діни қозғалыстары туралы әңгімелеу.
-
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Араб елдерінің саяси жағдайы мен экономикалық дамуына шолу жасай отырып, Мағриб елдерін жаулауды ойластырған Наполеонның жорығын, Мысыр халқының француз отаршылдарына қарсы күресі, ХҮІІІ ғасырда Араб елдеріне еуропалық отаршылдардың келуін, мағрибті француздар өз отарына айналдырғаны жайлы айту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдісі:дәріс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Картадан Иранның Сефевиттер әулеті билеген кездегі аумағын көрсетіңдер.
-
Иранда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда феодалдық жер иеленудің қандай түрлері болды?
-
Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады?
-
Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді?
-
Иранда мұсылман дінінің ықпалы қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
ХҮІІ ғасырдың ортасындағы араб елдерінің жағдайы
-
Араб халықтарының қанауға қарсы күресі
-
Мағрибтегі араб елдері
-
Мысырдағы жағдай
-
Францияның мысырға жорығы
-
ХІХ ғасырдағы Мысырдың дамуыМұхаммед Әлидің сыртқы саясаты
Маңызды оқиғалар:
-
ХҮІІІ ғ.- Түркі империясында саяси –экономикалық дағдарыс басталды.
-
ХҮІғ.-ХҮІІ ғ. басы-империяның әр аймақтарына халық қозғалыстары таралды, Араб феллахтары Сирия мен Иракта феодалдық қанауға қарсы қарулы көтеріліс жасап, Бағдатты алды.
-
ХҮІІІ ғ.- бірінші ширегінде Иран Ресей қысымына түсті.
-
1730-1735 жж.-Түрік империясы Иранға көпжылдық соғыс ашты.
-
ХҮІІІ ғ. екінші жартысы-мысырдағы мәмлүктер патшасы Әли-бей сұлтанға қарсы шығады, 17820 ж. ағылшындардың Ост-Үнді компаниясы зорлығына арабтар қарсы шықты.
-
ХҮІІІ ғ. ортасы-Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххаб бастаған қозғалыс басталды.
-
1671 ж. –мәмлүктер ел билеушісін сайлады.
-
1795 ж.- АҚШ-пен бейбітшілік, достық туралы шартқа қол қойылды.
-
1798-1801 жж.-Франция мен соғысқан Түркия парижбен байланысын үзді
-
1830 ж.- Франция Алжирге 37 мың әскермен басып кірді.
-
1834 ж.- француздар бейбіт бітім жасады.
-
1835 жылы-бітімді қайта бұзып соғыс ашты.
-
1844 ж.- Франция жаңа соғыс бастады.
-
1845 ж.- Абд әл Қадыр елге қайта оралып, күресті жалғастырды.
-
1849-1851, 1854-1857 жж. – Алжир көтерілістері
-
1798 ж., 1 шілде-Францияның Мысырға жорығы
-
1801 ж.- француздар толық жеңіліске ұшырады
-
Англия мен Францияның Амьен келісімі бойынша ағылшын әскерлері елден шығарылды.
-
1804 ж. – түріктер мысырдан қуылды
-
1807 ж.- Мұхаммед Әли ағылшындарды Мысырдан қуды.
-
1808 ж.- жер реформасын жүргізіп, феодалдар мен мәмлүк жерлерін тартып алды.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
Араб әлеміне қандай елдер жатады? Саяси картаға қарап олардың ХҮІІ ғасырдағы жағдайын түсіндіріңдер.
-
Араб елдеріне әлеуметтік-экономикалық сипаттама беріңдер
-
Жер кімнің қолында болды? Қандай алым-салық түрлері болды?
-
Батыс елдерінің отаршылдық саясатына сипаттама беріңдер
-
Мысырдағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформаларға сипаттама беріңдер
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§12 «Арабтар» атты тақырыпта эссе жазып келу.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. Азия және Африка елдерін отарлау /2 сағат/
Сабақтың мақсаты: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы еуропалық өркениеттің іс жүзінде барлық құрлықтарға тарала бастауы, Англияның, Голландияның Үндістанды т.б. отарлауы, отарлық езгілердің зардаптары туралы баяндай отырып, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: «ХҮІІІ ғ. ортасындағы дүние жүзі», 1876-1914 жж. Дейінгі дүние жүзінің саяси аумақтық бөлінуі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Араб әлеміне қандай елдер жатады? Саяси картаға қарап олардың ХҮІІ ғасырдағы жағдайын түсіндіріңдер.
-
Араб елдеріне әлеуметтік-экономикалық сипаттама беріңдер
-
Жер кімнің қолында болды? Қандай алым-салық түрлері болды?
-
Батыс елдерінің отаршылдық саясатына сипаттама беріңдер
-
Мысырдағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформаларға сипаттама беріңдер
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
Азия мен Африканы отарлау
-
Англия мен Голландияның отарлауы
-
Отарлық езгі зардаптары
-
Отарлық жүйенің отар елдер экономикасына әсері
Маңызды оқиғалау:
-
ХҮ ғ.-Портуғалияның Африкадағы алғашқы отары пайда болды.
-
ХІХ ғ. басы- Бразилия империясы құрылды.
-
ХҮІІ ғ. ортасы- Испания өз отарлық иеліктерінен айырыла бастады,
-
ХҮІІ ғ. – Англияның отарлай бастауы
-
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.-Францияның отарлауы
-
ХІХ ғ. 80-ж- Италия мен германияның бірінші отарлары
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?
-
«жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер
-
Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар
-
ХҮІ-ХҮІІ ғ. аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?
-
Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар
-
ХҮІІІ ғасырда Үндістан үшін күрес қандай мемлекеттер арасында болды?
Отарлық иеліктер
|
Португалия
|
Испания
|
Голландия
|
Англия
|
Франция
|
Азияда
Африкада
|
|
|
|
|
|
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§13
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §14. Мәдениет және ғылым. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
-
Капитализмнің жаңа идеяларының мәдениеттің және ғылымның дамуына тигізген ықпалын айта келіп, ғылым мен ағарту салаларында жеке қайраткерлердің ашқан жаңалықтары қоғамды дамытудың жетекші күші болғандығын ұғындыру.
-
Оқушыларды қоршаған ортаны игеруде ғылымның әр түрлі салаларын меңгеруге, жаңа прогрессивтік идеяларға ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:пікір-сайыс.
Көрнекілігі:карта, кесте, газет-журналдар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?
-
«жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер
-
Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар
-
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?
-
Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар
-
ХҮІІІ ғасырда Үндістан үшін күрес қандай мемлекеттер арасында болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
Мәдениеттің дамуына капитализмнің жаңа прогрессивтік идеялары
-
ХҮІІІ ғасырдағы –жүзжылдық ағартушылық ғасыр.
-
Жеке қайраткерлердің қоғамды дамытудағы ғылым мен білім, мәдениет саласындағы құнды ой-пікірлері.
-
Шығыс әдебиеті мен өнері.
-
Қорытынды.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
Мәдениет дегеніміз не?
-
Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?
-
Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.
-
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§14. Кестені толтыру
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §15. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Англия /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
-
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына сипаттама беріп, өеркәсіп төңкерісінің аяқталуының нәтижесінде экономиканың өркендеуін және қоспартиялық жүйесінің қоғамның саяси дамуындағы рөлін ашып көрсету.
-
Оқушылар назарын жұмысшы табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалысқа аударып, кәсіподақ қозғалысы туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі:ХІХ ғ. мен ХХ ғ. Англияның саяси картасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар».
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Мәдениет дегеніміз не?
-
Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?
-
Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.
-
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай?
Кезеңі
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.
|
Қайраткерлер
|
Қандай жаңалықтар ашты?
|
Әдбиет пен өнер саласында
|
|
|
|
| -
Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?
-
Англиядағы парламенттік монархия елді басқаруға қандай өзгеріс әкелді?
-
ХҮІІІ ғ. Англияда өнеркәсіптің қай саласы жедел дамыған еді?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
-
Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
-
Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі
-
Парламенттік реформа үшін күрес
-
Өнеркәсіп төңкерісі.
-
Жұмысшы қозғалысы
-
Кәсіподақтарды ұйымдастыру.
Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері
|
ХҮІІІ ғ.
|
Англияда өнеркәсіп төңкерісіне қажетті шаралар пісіп-жетілді.
|
1733 ж.
1738 ж.
|
Джон Кей тоқыма станогы
Адам қолының қатысуынсыз жіп иіретін машина
|
1764 ж.
|
Джеймс харгривс «Дженни» атты механикалық жіп иіретін машина ойлап тапты. Бір уақытта 15-18 ұршық
|
1769 ж.
1771 ж.
|
Ричарт Аркрайт-дөңгелекті суда қозғалысқа келтіретін машина
Жіп иіретін тұңғыш фабрика
|
1780 ж.
|
Фабриканың саны 20-ға жетті, ал 110 жылдан кейін 150-ге жетті.
|
1765 ж.
1771 ж.
|
Джеймс Уатт бу машинасын ойлап тапты
Оны жетілдірді
|
|
Бұл машина жұмыс істеуі үшін көмір өнеркәсібі, металлургия жетілдірілді
|
1769 ж.
|
Парламент машиналарды қиратқаны үшін өлім жазасы туралы заң шығарды.
|
ХҮІІІ ғ.
ІІ жарт.
|
Жұмысшылар мүдделерін қорғаған ереуілдер етек алды.
|
ІҮ. Сабақтың бекіту:
-
ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.
-
Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?
-
ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?
-
Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§15.
Достарыңызбен бөлісу: |