Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/7
Дата12.04.2023
өлшемі1.34 Mb.
#472115
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабақ жоспары Күрделі эфирлер .Майлар ЖҚҰ және ЕТжҚ-11 топтарына арналған

Маңызды өкілдері. Құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат) —
55°С-та қайнайды, ром иісті зат.
Құмырсқа қышқылының изоамил эфирі (амилформиат)  шиенің иісіндей иісі бар зат.

Сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат)


өте жағымды иісті зат. Техникада еріткіш ретінде

қолданылады және одан эфирлердің басқа түрлерін, дәрі-дәрмектер алады. Сондықтан көптеп өндіріледі.


Күрделі эфирлердің көпшілігінің жемістің, жидектің, гүлдің иісі тәрізді жағымды иісі бар. 
Жоғарыда аталған күрделі эфирлердің барлығы дерлік жасанды жеміс эссенцияларын, сусындар, кондитер өнімдерін алуға, сондай-ақ парфюмерияда (иіс сабын, хош иісті сулар, т.б. алу үшін) қолданылады



  • Майлар — күрделі эфирлер класына жататын органикалыц қосылыстар. Майлардың химиялық құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтаған.

М. Шеврель 1817 жылы май мен судың қоспасын сілті қатысында қыздыра отырып глицерин және стеарин, олеин және пальмитин қышқылдарын бөліп алды. Бұл реакция гидролиз немесе сабындану деп аталатынын білесіңдер. Екінші ғалым М. Бертло 1854 жылы глицеринді стеарин, олеин, пальмитин қышқылдарымен қосып қыздырың, майларды синтездеді. Бұл реакция эфирлендіру деп аталады. Сонымен, майлар дегеніміз — үш атомды спирт глицерин мен жогары карбон кышқылдарының күрделі эфирлері. Майларды триглицеридтер деп те атайды.
Глицеридтер құрамындағы қышқылдың түріне қарай майлар: қатты, жұмсақ және сұйық болып бөлінеді. Қатты майлардың құрамында қаныққан қышқылдар көп болады, ал сұйық майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болады. Жануарлар майлары, әдетте, қатты май (тоң май), мысалы, қойдың майы, сиыр майы, т.б. ал өсімдіктер майлары — сұйық май болады, мысалы, кұнбағыс, мақта, зығыр майлары, т.б. Бірақ бір ерекшелік — пальма майы кәдімгі жағдайда қатты болады.
Сондай-ақ табиғи майларда да қышқыл қалдықтары әр түрлі болады. Мысалы, қойдың тоң майында 75% шамасы пальмитин мен стеарин глицеридтері, 25% шамасыңда олеин глицериді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет