Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар Сабақтың мақсаты: Білімділік


Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі



бет3/7
Дата12.04.2023
өлшемі1.34 Mb.
#472115
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабақ жоспары Күрделі эфирлер .Майлар ЖҚҰ және ЕТжҚ-11 топтарына арналған

Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі.
Майлар судан жеңіл болады және онда ерімейді. Олар органикалық еріткіштерде (бензинде, эфирлерде, т.б.) жақсы ериді.Қағазға, теріге жақсы сіңеді. Майлардың тұрақты балқу температурасы болмайды, әр түрлі глицеридтер қоспасынан тұратындықтан, майлар алшақ температуралар аралығында балқиды.Майлар барлық өсімдіктер мен жануарлар денесінде кездеседі. Адам организмінің 10—20%-ін құрайды. Оның, шамамен, 70%-і олеин, ал 30%-і пальмитин глицеридтері.
Химиялық қасиеттері. Майлар күрделі эфирлер болғаңдықтан, негізгі химиялық қасиеттері — гидролизденуі

Майлар тағамдык зат және әр түрлі өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады. Бұл үшін өндіріске қатты майлар керек, сондықтан өнеркәсіпте сұйық майларды қатты майларға айналдырады. Бұл процесті 160—240°С-та, 3 атм. қысымда және ұсақ никель өршіткісі катысында жүргізеді.
Майлар — тағамның аса маңызды құрам бөлігі, олардың тотығуынан организмде көп жылу бөлінеді. Тірі организмде 1 г майдың тотығуынан 38,9 кДж энергия бөлінеді.Табиғи майлардың құрамында коспа түрінде басқа да пайдалы заттар болады, мысалы, А, Д, Е витаминдері. Адамның тәуліктік рационында 60—70 г май болады. Организмдегі майдың энергетикалық тиімділігі жоғары болғандықтан, қордағы қоректік зат кызметін атқарады.
Ас қорыту процесінде ферменттер және өт қышқылдары тұздарының әсерінен (сілекейдегі, бауырдағы, қарын және ішек сөліндегі) майлар бос глицерин мен қышқылдарға дейін гидролизденіп, ішек ұлпаларына сіңеді.
Адам және жануар организмдерінде гидролиз өнімдерінен әр түрлі құрамдағы қажетті майлар түзіледі. Ал қалған бөлігі көмірқышқыл газы мен суға дейін тотығады.
Майлар организмді суықтан қорғайтын және жылу сақтайтын материал кызметін де атқарады.
Тапсырма:
-Күрделі эфирлер деп қандай қосылыстарды атаймыз?
-Күрделі эфирлерді алу жолдары?
-Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттеріне мысалы келтір
-Күрделі эфирлерге қандай реакциялар тән?
- Күрделі эфирлерді қолданылу.
-Майлар кандай процестер нөтижесінде алынады?
-Майларды не себепті күрделі эфирлерге жаткызады?
- Қатты жөне сұйык майлардың кұрамындағы айырмашылықтар кандай?
-Майлардың коректік зат ретіндегі маңызын айтып беріңдер.


Сложные эфиры – функциональные производные карбоновых кислот,
в молекулах которых гидроксильная группа (-ОН) замещена на остаток спирта (-OR)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет