Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
мүшел жас
тәлім- тәрбие
перзент
жеткіншек
еңбексүйгіш
|
Пәнаралық байланыс:
|
Орыс тілі
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
|
«Ой толғау»
Сенің ойыңша жігіт, (ұл бала) қандай болуы керек?
Кластерді толтырыңыз.
Дескриптор:
|
5-слайд
|
Сабақтың ортасы
14 мин.
|
ОҚЫЛЫМ. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақ халқы адамның жасын мүшелмен есептеген. Бірінші мүшелге толған жеткіншекке үлкен сенім артқан.
Қазақ халқы ұл балаға ертеңгі абыройлы әке, елін қорғайтын батыр, ұлтының қамын ойлайтын еңбексүйгіш перзент ретінде тәлім – тәрбие берген. Ұл баланы өте әділ, қайсар, өнерлі, білімді, алғыр азамат ретінде тәрбиелеген. Қазақта ұл шаңырақ иесі саналады.
«Әке көрген оқ жонар...» деп,ұлдарына әкелер білетін өнерін үйреткен. Оларды мерген, аңшы, яғни сегіз қырлы, бір сырлы етіп тәрбиелеген. «Ерлік білекте емес, жүректе»,- деп қайратты, саналы жігіт боп өсуіне мән берген.
Дүниеге ұл келсе: «Шаңырақ иесі туды!»-деп той жасаған. Тұңғыш ұл– кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оны «Ағасы бардың –жағасы бар» деп құрметтеген.
|
Достарыңызбен бөлісу: |