Сабақтың тақырыбы: «Мамандығым мақтанышым»



бет4/13
Дата18.11.2022
өлшемі65.28 Kb.
#465161
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
тәрбие сағаты

1-тапсырма: Группаластарыңызбен автобуста келесіз. Қалтаңызда ақша жоқ. Бірақ сабақтан қалмау керек. Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз сізден бұрын автобустан түсіп кетті де, сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз? Бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

2-тапсырма: Түнде достарыңызбен туған күнге барып, кеш оралдыңыздар делік. Мүлдем ұйықтамаған күйі колледжге бардыңыз. 2-сабақ кезінде ұйқы қысып, көзіңіз жұмыла берді. Ал мұғалім қатал екенін жақсы білесіз. Бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

3-тапсырма: Қалаға оқуға келген алғашқы күніңіз. Ұялы телефоныңызды үйге ұмытып, бес-алты аялдамадан кейінгі бір супермаркетке тамақ алуға кеттіңіз делік. Қайтар жолда жалдаған үйіңіздің нөмірі тарс есіңнен шығып кетті. Көшесі де есіңізде жоқ. Не істер едіңіз?

Оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесіп орындайды. Өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіреді.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру




Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет