Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді,
берілген жаттығуларды орындатды.
|
1- тапсырма. Мәңгілік елдің иесі қандай болуы керек? Пікір алмасады.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Мәтінді оқиды.
- Тапсырмаларын оқиды.
|
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2- тапсырма. Үнтаспадан 3-аудиомәтінді тыңдайды.
А) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ә) Ой сәйкестігін көрсетіп, анықтама береді.
Б) Әл-Фараби бабамыз бен екі халықтың танымын салыстыра отырып, дарынды адамға анықтама береді.
Дескриптор: Жалпы 4 балл.
- Оқулықтағы тапсырмаларды орындап шығады.
|
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№3-тапсырма:
Оқулықта берілген айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма. Дарындыны данаға, дананы дұшпанға жеткізуге ұмтылған елдер кімдер? Ол елдер қандай шаралар жүргізіп жатыр?
|
|