Фитогормондардың басты топтары:
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады. Абсциздік қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.
Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды.
Цитокининдер (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.
Этилен- өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.
Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды.
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.
Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.
Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |