Сабақтың тақырыбы: Минералдық тыңайтқыш шашатын машиналар


Жұмыс істеу алдында сеялканың



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі22.47 Kb.
#451712
түріСабақ
1   2   3
33-34

Жұмыс істеу алдында сеялканың барлық бекітілетін бөліктерін тексеріп қарайды және бұрап бекітеді. Майланатын механизмдерді майлайды. Қозғалатын механизмдердің бүркеншігі, қорқаныс қалғандары бекітіледі. Сеялка рамасын көтеріп қояды да жүріс дөңгелектерін қолмен айналдырып, беріліс механизмдерінің жеңіл айналуын тексереді. Ақауларды түзетеді. Тыңайтқыш ыдысы мен шашқыш табақ арасындағы саңылау 1-2 мм болуға тиіс. Осы шамадан үлкен болса, тыңайтқыш өздігінен жерге шашылады. Сондықтан саңылауды реттеу үшін табақ бекітілген бұрыштама темірді брус арқылы жылжытады. Барлық шашқыш аппараттардың себу нормасы бірдей болуы үшін, норма реттегіш механизмдерді бір қалыпқа келтіреді, яғни реттегіш тұтқа ноль белгісінде тұрғанда, реттегіш қалғандар шашқыш тарелкаға тиіп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда қалғанды бекітілген орнынан босатып, солға жылжыту керек. Сеялканы берілген нормаға қою үшін шашқыш табақтың айналыс санын өзгертеді, басқаша айтқанда беріліс механизміндегі қырықаяқтарды алмастырады және шашқыш табақ пен реттегіш қалғанның арасындағы саңылауды өзгертеді. Себу нормасын анықтау үшін аспалы гидравликалық механизм көмегімен сеялканы көтеріп, астына брезент төсейді. Оң жақтағы және сол жақтағы дөңгелектерді бірдей жылдамдықпен 12,6 рет айналдырады. Содан кейін брезентке түскен тыңайткышты өлшейді де оны 100 санына көбейтеді. Осы цифр бір гектарға шашылатын тыңайтқыш мөлшерін білдіреді.

Егер тиісті шама шықпаса, реттегіш тұтқа арқылы немесе беріліс санын өзгерту арқылы сеялканы себу нормасына келтіреді. Ол үшін жоғарыдағы әдісті қайталау керек. Минералдық тыңайтқыш шашқыш НРУ-0,5 тұқым себер алдында минералдық тыңайтқыш шашу үшін және сидерат тұқымдарын себу үшін қолданылады. Машинаның негізгі тораптарына жататындар: бункер, мөлшерлегіш, шашқыш диск, маятник тәрізді араластырғыш, конусты және цилиндрлі редукторлары бар беріліс механизмі. Машина жұмыс істеген кезде шашылатын тыңайтқыш бункерден мөлшерлегіш арқылы шашқыш дискіге түседі. Бункердегі тыңайтқыш мөлшерлегішке өтпей, тоқтап қалмау үшін маятникті араластырғыш орнатылған. Мөлшерлегіш қондырғы теңселіп тұратын ирек планка мен сақиналы жапқыштан құралған. Планка қозғалған кезде тыңайтқышты жапқыш пен шанақ түбінің аралығындағы саңылау арқылы шашқыш дискіге түсіреді. Шашқыш диск оны ортадан тепкіш күш әсерімен сыртқа лақтырады. Машинаның тетіктері мына төмендегіше реттеледі. Себу нормасын реттегіш механизмді былай тексереді. Реттегіш тұтқасының көмегімен шанақ астына киілген реттегіш сақинаны толық төмен түсіреді. Осы кезде реттегіш тұтқадағы фиксатор сектордағы екінші белгіде тұруы керек, ал реттегіш сақина түсіргіш дискіге жанасуы, бірақ оның жеңіл айналуына кедергі жасамауы тиіс. Осы көрсетілген қалыптан басқаша болса, реттегіш сақинаны тұтқаға бекітілген орнынан жылжытып, сол арқылы қалыпқа келтіреді.

Себу нормасына мөлшерлегіш сақинаны, бункер түбіндегі саңылауды және сепкіш ирек планканың тербелу амплитудасын өзгерту арқылы қояды. Сондықтан алдымен мөлшерлегіш сақина арқылы себу нормасына қояды да содан кейін планканың амплитудасын өзгертеді. Егер агрегат жылдамдығы басқаша болған жағдайда себу нормасын мынадай формуламен есептеп шығарады: Q = 7,5Qt/V, кг/га., мұндағы: Qt – себу нормасы, кгк/га; V - агрегат жылдамдығы, км/сағат Себу нормасын анықтау үшін, машинаны көтеріп, астына брезент төсейді де іске қосады. Бір минуттан кейін токтатып, төгілген тыңайтқышты өлшейді де мына формула бойынша есептеп шығарады: Q=600Qмин/V ·B, кг/га, мұндағы Qмин – бір минутте шашылған тыңайтқыш, кг; В – агрегаттың алым кеңдігі, м; V – агрегат жылдамдығы км/сағат. Берілген нормадан ауытқу байқалса, мөлшерлегіш сақина мен сепкіш планканың амплитудасын өзгертеді. Қорапты шашқыштар РУМ-3, І-РМГ-4, КСА-3 известь, гипс сияқты материалдарды және минералдық тынайтқыштарды тасымалдауға немесе шашуға арналған. Қорапқа тиелген тыңайтқыш мөлшерлегіш қондырғы арқылы бағыттағышқа беріледі. Бағыттағыш астында жоғарыда айтылғандай дискілі шашқыш аппараттар орналасқан. Олар тыңайтқышты жер бетіне шашады. Органикалық тыңайтқыш шашатын машиналар. Бұл машиналар мал қиларын және торфтарды шашуға арналған. Оның негізгі бөліктері трактордың тіркемелі арбасына орнатылған, еденінде планкалы-шынжырлы транспортер қорап, шашқыш аппарат, мөлшерлегіш қондырғы және беріліс механизмі бар. Шашылатын тыңайтқыш тиегіш арқылы қорапқа салынады. Оның түбіндегі транспортер мөлшерлегіш қондырғы арқылы қозғалысқа келтіріледі де тыңайтқышты шашқыш аппаратқа жақындатады. Шашқыш аппарат қалақшалы немесе шнекті барабаннан құралған. Олар жылдам айналады да өздерінің қалақшаларымен тыңайтқышты лақтырып шашады. Мөлшерлегіш қондырғы транспортердің жетекші білігіне орнатылған. Ол иінді-жылжымалы механизм мен тісті-ілгекті механизмнен тұрады. Иінді білік бір айналғанда транспортер белгілі бір қашықтыққа жылжиды. Ол қашыктық иінді білікке бекітілген штанга осінің иін осінен қашықтығына байланысты. Осьтен алыстақан сайын транспортердің жылжуы артады, яғни себу нормасы өседі. Органикалық тыңайтқыш шашқыштың бірнеше түрі шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет