Саралау- «Домбыраны жібер» әдісі бойынша шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
барысында қолдауды қажет ететін оқушылар шығарманың басталуы мен байланысын таба алады. Оларды шығарманың дамуы мен шиеленісуін табуға бағыттау үшін жетекші сұрақтар қойып, диалог арқылы қолдау көрсетемін. Жетекші сұрақтар.
1.Сәрсенбай Байжанмен не себепті құдаласқысы келді?
2.Жамал өзін қай кездері бақытты сезінді?
3. Жұманға қандай мінездеме бересің?
Қарқынына байланысты ойлану үшін қосымша уақыт беремін.
Орта деңгейдегі оқушылар Шығарманың басталуы мен байланысын, дамуы мен шиеленісуін анықтай алады. Шарықтау шегі мен шешімін табуға бағыттау үшін жетекші сұрақтар қойып, қолдау көрсетемін. Жетекші сұрақтар:
1.Жамал неліктен әділетсіз қоғамның құрбаны болды?
2.Шығарманың тақырыбы мен шешімі сәйкес келе ме?
Талантты, дарынды оқушылар Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасай алады. Оларды шығармашылық деңгейдегі, ізденіс жұмыстарына баулу мақсатында «Жамал трагедиясы – бүкіл халықтық трагедия ма әлде бір қыздың бас қайғысы ма?» деген тақырыпта ойтолғау жазуды тапсырма ретінде беремін.
|
Бағалау – Оқушылар М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап берді. «Домбыраны жібер» әдісі бойынша шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасады. Әр тапсырма нақты критерийлер арқылы жүргізілді. Қалыптастырушы бағалау әр тапсырма сайын орындалып отырылды. Сабақ барысында оқушылардың жасаған жұмыстарына қарай бағалау тәсілі ауызша және жазбаша түрде жүзеге асты.
|