Сабақтың тақырыбы Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал» романы



бет5/6
Дата19.05.2022
өлшемі30.11 Kb.
#457198
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
қмж адебиет

1-тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау ауызша жүзеге асты. (Жарайсың ойыңды толықты, әлі де ойлан, тиянақты әрі толық жауап, өте жақсы, т.б.)
2-тапсырма бойынша жазбаша бағаладым. (Ойыңды шыңдай түс, Әлі толықтыру қажет, Ойың өте жақсы, жауабың нақты болды, жарайсың, т.б. стикерлерге жазып бердім.)
Мадақтама сөздер айту арқылы қолпаштап отырдым. Қажет жерінде толықтыруға қатысты бағыт-бағдар бердім.



1.Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, география пәндерімен байланыс жасалады.
2.Денсаулық және қауіпсіздік
Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды.


3. АКТ-мен байланыс
Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді


4.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Мейірімділік, адамгершілік, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату сабақтың тәрбиелік элементі болып танылды.




Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?


Сыныптағы ахуал қандай


болды?
Мен пайдаланған әдіс-тәсілдер тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?


Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар «Таза тақта» әдісі арқылы Міржақып Дулатұлы туралы білетін ақпараттарын пысықтады. Сонымен қатар, «Домбыраны жібер» әдісі арқылы «Бақытсыз Жамал» романына сюжеттік-композициялық талдау жасай отырып, «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы эпилог, прологтарын анықтап, жазды.


Оқушылар роман оқиғасы орын алған қоғам туралы тың деректер білді. Мысалы: әйел теңсіздігі, билікке қызығып өз қызын сүймеген адамына күйеуге беруі, т.б.




Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар шығарма туралы білімін молайтты. Олардың бұл тақырыпты меңгеруі «3-2-1» әдісі бойынша кері байланыс жасау арқылы жүзеге асты. 

Саралау кезеңі жоғары деңгейде өтті. Қолдауды қажет ететін оқушыларға, орта деңгейдегі оқушыларға және талантты, дарынды оқушыларға дайындап әкелінген қосымша тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар өз дәрежесінде орындап шықты.


«Домбыраны жібер» әдісі оқушылардың шығармаға композициялық талдау жасау барысында қолданған тиімді әдіс болды, оқушылар қызығып әрі ойларын ашық, тиянақты түрде жеткізңп, ортаға салды.


Уақытты тиімді пайдаландым.


Сабақ өз дәрежесінде өтті, жоспарыма өзгерістер енгізбедім, себебі барлық тапсырмалар өз уақытына сай орындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет