Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-2-тапсырма:
Мәтінді тыңда. Оны толықтыр. Сұрақтарға жауап бер
|
Айтылым-тыңдалым:
1. Ұлылықтың мәні неде деп ойлайсың?
2. Отанды сүю деген не?
3. Туған елге пайда әкелу дегенді қалай түсінесің?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Мәтінді тыңдайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№3-тапсырма.
Сөйлемдерді жазып, табу сөздердің астын сыз.
|
Дәл осы кезде есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалиқа Абайға жақындап кеп: – Телғара! Қалқам, сені апаң шақырады! – деді (М. Әуезов). Тентекжан-ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді (Б. Майлин). Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына азғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді (Б. Соқпақбаев).
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Сөйлемдерді жазады.
-Табу сөздердің астын сызады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.
|
№4-тапсырма.
Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен еңбектері туралы диалог құрыңдар. Екпін түрлеріне мән беріңдер.
|
Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен еңбектері туралы диалог құрайды. Екпін түрлеріне мән береді.
|