Сабақтың тақырыбы Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Мақсаты



бет2/2
Дата21.12.2023
өлшемі19.51 Kb.
#487312
түріСабақ
1   2
Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері тақырыбында физика пәнінен сабақ жоспары


§10. 8- жаттығу. №1,2



Ойлауды
Блум
бойынша
жіктеу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Білу

Үй тапсырмасы
A)теориялық білімдерін тексеру.
(сұрақтар қою)

  1. Центге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?

  2. Неліктен центрге тарқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?

  3. Центрге тартқыш үдеудің формуласы?

  4. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  5. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?

  6. Жиілік деп қандай шаманы айтады?

Сабақта білімін көрсетеді.
Оқыған материалды есте сақтайды, еске түсіреді, қайталайды.

Ыстық орындық

Түсіну

Жаңа тақырып бойынша электрондық оқулықтан оқушыларға қосымша түсініктемелер беріледі.
1.Динамика-денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
2. Инерциялық санақ жүйесі-салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе.
3. Инерциялық емес санақ жүйесі –үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе.

Жазады,айтады,түсіндіреді.

Оқушылардың бағалау сызбасы



Қолдану

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.
Деңгейлік тапсырмалар
1. Мына жағдайларда қайсы денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
А) сүңгуір қайық судың ішінде тыныштық қалыпта тұрғанда;
Ә) сүңгуір қайық су түбінде тұрғанда.
2. Парашютші бірқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
3. Автомобиль жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп, бірқалыпты қозғала ала ма?
4. Бетірген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады? Егер лифт:
А) еркін түссе;
Ә) жоғары қарай бірқалыпты қозғалса;
Б) жоғары қарай үдемелі қозғалса;
В) төмен қарай үдемелі қозғалса;
Д) төмен қарай бірқалыпты қозғалса;
Е) жоғары қарай баяу қозғалса;

Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдаланады

Оқушылардың бағалау сызбасы



Сергіту сәті

Оқушы денесін қозғалтпай басын бұрып қана оқушыралдың атын атап шығады.Бірақ ұл баланың есімін атамай,есімінің орнына жаңылмаймын деген сөзді айтуы керек.

Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану

Ой қозғау

Талдау



Алған білімді саралау, тәжірибеден өткізу
1.Салт атты шауып келе жатыр.Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса,онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
2.Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды?
3.Станциядан шыққан пойыз жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе, әлде қарама-қарсы бағытты ма?
4.Мұз айдынындағы екі бала қайсысының салмағы көп екенін білгісі келді.Бір ғана рулеткамен осыны қалай білуге болатынын айтыңдар.



Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстырды, талдау жасайды



Бағалау парағы



Жинақтау

3 сұрақтан тұратын сөзжұмбақ құрастыру,сағат тілімен ауыстырып, шешу.
А)тақырыпқа байланысты
Б)табиғатпен байланысы
В)қызықты

Жаңа білімді қолданады,ойлап табады,құрастырады,шығарады

Критерийлер
Өзара бағалау



Бағалау

Эксперимент:
Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қоямыз. Неге ол тыныштықта болады?



Кері байланыс орнатады.Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Логикалық ойы

стикер

Рефлексия



Білемін
Білдім
Білгім келеді



жазады

Оқыту үшін бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет