Жоба жұмысы кезеңдері
|
Жұмыс
тың мазмұны.
|
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.
|
Оқушылардың іс-әрекеті.
|
1. Дайындық кезеңі
|
Жоба тақырыбын анықтау.
|
Бір бағыт төңірегінде оқушаларды тақырып таңдауға ынталандырады.Топ
тағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.
|
Әр оқушы өмірлік өз тәжрибесіне(егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.
|
2.Жоспарлау.
|
Топқа бөлу.Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.
|
Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылыау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі.Оқушылардың жоба бойынша күнделігін көрсетеді.
|
Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді
|
3.Зерттеу жұмысы.
|
Ақпарат жинау,аралық нәтижені талдау, зерттеудің негігі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.
|
Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.
|
Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру.Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру.Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.
|
4. Нәтижені талқылау.
|
Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.
|
Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады.Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-видиотехниканы жабдықтайды.
|
Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
|
5.Жұмыстардың тұсау кесері.
|
|
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.
|
Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.
|
6.Бағалау және жоспарлау.
|
|
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.
|
Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.
|