Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
https://twig-bilim.kz/kz/film/carbon-monoxide-poisoning
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Иіс газымен улану себептері
Оқушыларға келесідей тапсырма ұсынылады:
Суреттегі жану үдерістерімен танысыңыз. Иіс газымен улану қаупі бар орындар мен жағдайларды талқылап көріңіз…
|
Отынның жануы
Отын жанғанда оттегі мөлшері жеткілікті болған жағдайда:
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Отын жанғанда оттегі мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда:
2CH4 + 3O2 = 2CO + 4H2O
CH4 + O2 = C + 2H2O
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
|
Жұптық тапсырма
1 Айналымдарды жүзеге асырыңыз:
С→СО→СО2 →Na2CO3→ NaHCO3→CO2
2 Есептеулерді жүзеге асырыңыз:
Әк суының ерітіндісі арқылы бөлме температурасында 0.2 моль көмірқышқыл газын өткізді.
А. Химиялық реакция теңдеуін жаз.
Ә. Түзілген тұнбаның массасын тап.
Б. Тұнбаның осы массасындағы атомдар санын есепте.
|
|