Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Мұғалім оқушыларға тақырыпты түсіндіреді. Жаңа ақпараттан хабардар етеді.
|
Қаламгер Талаптан Ахметжанның: «Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сол
жұмбақтан өзіндік тың пәлсапа түйе отырып жазылған. Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп,
екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де
сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады», – деген сөзін талқылаңдар. Романнан осы
пікірдің дәлелін көре аламыз ба? Шығарманы көркемдік-эстетикалық
құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
|
Дескриптор:
-Әдеби эссе жазады.
-Талдайды.
-Бір-бірімен пікір алмасады.
Жалпы-6 балл
|
Кітап
|
Жеке жұмыс
|
«Түртіп алу» әдісі арқылы оқулықтағы повесті оқуға нұсқау береді.
|
Оқушылар берілген повесті оқиды. Жұмыс дәптерлеріне негізгі ұғымның анықтамасын жазып алады.
|
Дескриптор:
- Повесті оқиды.
- Жұмыс дәптерлеріне негізгі ұғымның анықтамасын жазып алады.
Жалпы – 4 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|