ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу.
ҮІІ. Бағалау.
Пән: Дүниетану. Тексерген:
Өтілу мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы.
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын қалыптасу.3. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады?- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
ІІІ Өткен сабақты пысықтау:а) -Табиғатты нелер құрайды?- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өлі табиғатты ата.-Суреттегі табиғат заттарын ата.-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.-Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады?ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы. Түн қараңғы салқын.»
ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы» тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?
Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.
Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?
ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік? Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады?
VII . Үйге тапсырма беру, бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |