Сабақтың тақырыбы Оттек және Озон


Аллотропия ( көне грекше: аллос



бет2/4
Дата10.03.2022
өлшемі34.96 Kb.
#456147
түріСабақ
1   2   3   4
8сын оттек ,озон

Аллотропия ( көне грекше: аллос — «басқа», тропос — «қасиет; сипат» ) - өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан әр түрлі екі немесе бірнеше қарапайым заттар түріндегі химиялық элементтің болуы
Озон, (көне грекше: иіс шығарамын) – химиялық формуласы О3 болып келетін оттегінің аллотропиялық түрөзгерісі. Түсі қою көк, өткір иісті газ,ал сұйық озон күлгін көк; балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С. Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та). Озонды 1785 жылы голландия физигі М. ванн Марум ашқан. Озон тұрақсыз, өздігінен жылу бөліп, оттеке айналады. Күшті тотықтырғыш, алтын мен платинадан басқа барлық металдарды тотықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді. Озонды иод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды:
O3+2KІ+H2O=І2(көк)+O2+2KOH.
“Кәдімгі оттек О2 КІ-мен реакцияға түспейді. Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбірорганикалық заттар тотыққанда түзіледі (Озоносфера қабаты). Таза озон – күшті тотықтырғыш, микроорганизмдердіөлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда, т.б. қолданылады.
Озон молекуласының физикалыққасиеттері
Молекулалықмассасы — 47,998 м. а. б.
183 °C-ғысұйықтықтыңтығыздығы — 1,71 г/см³
Қайнаутемпературасы — −111,9 °C.
Балқутемпературасы— −197,2 ± 0,2 °С.
Озонның газ күйі — диамагнитті, ал сұйықкүйі — әлсізпарамагнитті
1.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады.Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды. Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе-теңдігі сақталады (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп, жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарадыОзон қабаты -қорғанышымыз
2. Озон шамамен 25 км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады Адам баласының абайсыздығына байланысты озон қабаты ұзақ уақыттан бері жұқарып барады. Оның жұқаруының негізгі себептері мыналар: 1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді. 2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына қауіп төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан төменде ұшатындары озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді. 3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон бөлме температурасында көлемін көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып келеді. 
Дескриптор.
1.Озон қабатының пайдасын біледі.
2.Озон қабатының бүліну себептерін анықтайды
3.Озон қабатының қорғау жолдарын нақтылайды.
4.Озон қабатына қауіп- қатерлерді ажыратады.
Тапсырма №1
1.Тұжырымдардың қайсысы оттекке, қайсысы озонға жататынын анықта.
Оттектің екі атомынан тұрады.--------------------------------
Оттектің үш атомынан тұрады.--------------------------------
Өзіне тән өткір иісі бар, көгілдір түсті газ.------------------
Газдың концентрациясы көп ауамен тыныс алу өмірге қауіпті.--------------------------------------------------------
Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.-----------------------------------------
Ауа көлемінің 21%-н құрайды.---------------------------------
Оның негізгі бөлігі стратосферада.----------------------------
Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғайды.-----------------
2.Химиялық реакция теңдеуін аяқтап,теңестіріңдер.
Ag + O3 =
Ca + O3 =
S+O3 =
3.64,8гкүміс озонмен әрекеттескенде қанша грамм күміс (I)оксиді түзіледі?
Дескриптор:
1.Берілген тұжырымдама бойыншаоттек пен озонды анықтайды.
2.Химиялық реакция теңдеуін аяқтайды, теңестіреді.
3.Химиялық реакция теңдеуін пайдаланып, есеп шығарады.

Бейне баянкөрсету


АКТ,Дереккөздер


АКТ,Дереккөздер




Сабақтың соңы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет