Сабақтың тақырыбы Оттек және Озон



бет4/4
Дата10.03.2022
өлшемі34.96 Kb.
#456147
түріСабақ
1   2   3   4
8сын оттек ,озон

Веналық конвенция
Осының бәрін білгеннен кейін әлемнің әртүрлі елдерінің өкілдері жиналып, Венада 1985 ж озон қабатын қорғау жөніндегі Веналық конвенцияға қол қойды.
Монералдық протокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фтордың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарылуын азайту міндеттелді. Лондонда 1990 жылдың маусымында монералдық хаттама нақтыланды: «1995 жылы фреон өндіру екі есе төмендетілсін, ал 2000 жылы оны өндіру мүлдем тоқтатылсын» делінді.
Қазір тіпті экологиялық қауіпсіз фреондар және оларды ауыстыратын өнімдер ойлап табылып шығарылуда, сонда да озон қабатына жетуі толық тоқтатылған соң ғана он жылдан кейін ол өзінің қалпына келеді.
Мәселені шешудегі жаңа жол
Озон қабатын қалпына келтіру үшін оны қоректендіріп отыру керек. Жер шарын «емдеудегі» бірінші жоба - озон фабрикасын ашып, оны ұшақ арқылы жеткізу болды, ол өзін ақтамайтын болып табылды.
Осы жолда Ресей консорциумы «Интер Озонды» ұсынды, атмосферада озонды үздіксіз өндіру. Жақын арада немістің «Даза» фирмасымен бірігіп, инфрақызыл лазерлі аэростатты 15 шақырым биіктікке көтеріп, соның көмегімен екі атомды оттектен озон алу жоспарлануда.
Егер бұл зерттеу сәтті болса, болашақта Ресейлік «Мир» орбиталь бекетінде пайдалануға және 400 шақырым биіктікке лазер және энергия көзі болатын бірнеше ғарыштық платформа жасау ұсынылады. Орталық озон қабаты бөлігіне лазер сәулесі бағытталады және оны тұрақты қоректендіріп отырады.
Күн батареялары энергия көзі болып табылады. Ұшақтар бұл платформаларды тұрақты тексеруден өткізіп жөндеу керек екендігін қорытындылайды.
Бұдан өзге тағы бір жоба –қуатты лазер көзін «жұлдыз соғысына» қолдану жоспары жасалған. Әлемдегі дабыл қағарлық жоба орындала ма, оны уақыт көрсетеді. («Химия мектепте» № 5. 2010
Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет