Сабақтың ортасы
|
Фактура –texture
Мата қасиеті – свойства ткани - tissue properties
Талшық – волокна – fiber
Тігін машинасы – швейная машинка - sewing machine
Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу.
Сұрақтар қою:
- Мата қандай шикізаттан жасалған?
- Бұл матаның табиғи немесе жасанды екенін анықтай аласыңдарма?
Топтарға біріктіру.
Үстел бетіне түрлі мата қиындыларын (жасанды және табиғи), тоқыма жіптерін қойып, таңдау ұсынылады. Осы арқылы топқа бірігеді:
Табиғи маталар: мақта, жүн, тері, үлбір т.б.
Жасанды маталар: полиэстер, эластан, лайкра т.б.
Тапсырма . Таңдаған мата, жіп түрлеріне қарап шығып, қасиеттері мен ерекшелігін сипаттау, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау және постер орындау.
|
Бақылау, зерделеу арқылы мата қасиеттерін анықтай алады;
Матаны талшық құрамына және қасиеттеріне қарай ажырата алады;
Тігін машинасымен жұмыс жасай алады;
Техника қауіпсіздігін сақтайды. Оқушылар топта әртүрлі мата түрлеріне эксперимент жасайды. Өз зерттеулерін кестеге жазады:
- мата үлгілерін анықтап қарап, олардың қайсысының беті жылтыр, қайсысының беті күңгірт екенін анықтайды;
- мата үлгілерінің бетінің тегістігі мен жұмсақтығын сипап көру арқылы салыстырады;
- матаның қыртысталу деңгейін анықтайды және т.б. қасиеттерін оқушылардың өздері анықтауы мүмкін
|
Дескрипторлар:
Мата түрін таңдайды;
Матаны талшығына қарай ажыратады;
Қасиеттерін анықтайды және қолдану аясын атайды;
Топта өз пікірін еркін айтып, талқылау жүргізеді;
Постер орындауда бейнелеу өнері техникаларын қолданады;
Постерді сыныпқа таныстыра алады.
|
А3 формат, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш, желім, қайшы т.б.
http://www.znaytovar.ru/s/Volokna-rastitelnogo-i-zhivogo.html
http://tildes.ru/master-klassy/
|