Пәнаралық байланыс
|
тарих, география, бейнелеу өнері
|
Алдыңғы білім
|
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ!
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақ басы
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. «Әр елдің сәлемдесуі» ойыны.
Қазақтар қол алысады, Италияда құшақтасады, Аустралияда иығын қағады, Аргентинада арқасымен, Зимбабведе шынтақпен, Филиппинде шапалақтасып, секіреді.
Топқа бөлу. Тіл туралы мақал-мәтел, өлең, қарасөз жазылған парақшалар арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Мысалы, «Өзге тілдің бәрін біл», «Өз тіліңді құрметте», «Тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,«Өнер алды – қызыл тіл», «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», т.б.
Ой қозғау. Назар шоғырландыру – «333» тәсіл
«Тіл – Діл – Рух» осы үш сөзді байланыстырып, өз ойларыңды білдіріңдер. Осы үш ұғымның байланысы қандай?
Ойды тұжырымдау:
Тіл мәселесі күрделі.
Әсіресе біздің қазақ халқы үшін шешімін таппай келе жатқан мәселе.
Тілдің астарында діл, рух мәселелері жатыр.
Діл – ұлттың рухани мінез-құлқы
Жер бетінде рухты халықтар жойылмайды.
Сол рухты халықтың қатарына тау халықтары жатады, біз де сондай халық болсақ екен.
/Бұл тәсіл арқылы оқушылардың жаңа білімді игеруге құштарлығы артады, жаңа ақпараттармен, идеялармен алмасып, тікелей қарым-қатынас жасайды, алдағы белсенді танымдық жұмыстар туралы өзіндік тұжырым қалыптасып, өзін-өзі басқаруға басты назар аударады/.
|
Достарыңызбен бөлісу: |