Сабақтың тақырыбы Сәлем -сөздің анасы. Ата-бабадан қалған ілтипат отбасының негізі


ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. Жағдаяттық сұрақтар



бет34/56
Дата23.04.2024
өлшемі6.08 Mb.
#499614
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
ҚМЖ 5 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?
4) Өртке байланысты ережелермен таныстыру.
Сіріңке балаға ойыншық емес.
Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.
Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас.
Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу керек.
ЕБҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Дескриптор:
От туралы ақпаратпен танысады;
Оттың қауіпсіздік ережесін анықтайды;
Отты тиімді қолдану ережесін сипаттайды;
өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет