Әріптер, сандар жазылған үлестірме қағаздар, маркер, фломастер, түрлі түсті қарындаш, постер, интерактивті тақта, диктофон.
Сабақтың ортасы 28 минут
2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма «Консенсус» әдісі Тапсырма «Консенсус» немесе «Бірі барлығы үшін және барлығы бірі үшін» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс оқушылардың жеке, шағын топта, сыныппен жұмыс істеуіне бағытталған.
Оқушылардан «1-4» сандары арқылы «бірінші», «төртінші» болып бөлінуді ұсынасыз.Осы сандар арқылы жылдам және тез топтасуы қажет. Оқушылар 4 адамнан тұратын топқа бірігеді. Топқа тапсырма нұсқасы жазылған А4 қағаз таратылады. Оқушылар мәтіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, сөздердің мағынасын анықтайды. Топ мүшелері бірінші кесте бойынша шығармадағы сөздердің көркемдік қолданысын «сөйлем», «сөз», «тілдік көрініс» арқылы айқындап, әрқайсысы тапсырманы 3-5 минут жеке орындайды. Содан кейін жұмыстарын топпен талқылап, «біздің анықтама» мен «сөздіктегі анықтамасын» бірге табады. Қорытындысында әр топ өз жауаптарын жалпы сыныпқа таныстырып, ортақ шешімге келеді.