(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым.
1. Оқулықтың 69-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
231
«П» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (топ – доп), сөз ортасына (арпа – арба), сөз соңына (апа – апан) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Жазылым Оқулықтағы «п» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«п» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».