Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;
дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді.
236
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
«Маршрут» ойыны. Бастаушы бір сөзді айтады, келесі оқушы айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз айтуы
қажет. Үш-шана-ана-анар-рақат-тары-ыдыс т.б.
Соңғы әріптен басталатын сөздерді жалғастырып айтады.
Сабақтың ортасы (26мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Үү» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ү ү» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ү ү» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Қолдау
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар қалаға барды. Қастарында күшіктері бар. Олар үш кісінің ескерткішіне таңдана қарады».