|
– Балалар, сендер бүгін берілген сөздерді, сөйлемдерді буындап, тұтас оқисыңдар. Сөздің алдына, ортасына, соңына тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретінін түсінесіңдер. Сызба-модель арқылы сөйлем құрайсыңдар. Мағыналары қарама-қарсы сөздермен танысасыңдар.
Сөйлемдер ретін дұрыс анықтап, мәтін құрайсыңдар. «С с» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым
Сөздерді буындап, тұтастай оқу.
Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (сау – асау, су асу, лас – аласа)
сөздің соңына (сал сала, суар суару)
тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы
өзгеретінін түсіну.
Берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді сурет көмегімен табу.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«асау», «асу», «аласа» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
Оқушылар берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді сурет көмегімен табады: лас – таза; аласа – биік.
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Суреттер, оқулық
Сызба
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
Сызба, оқулық
|