4 оқушы:Сабира Мұхамеджанова Алматыдағы жастар көрсетілген қысымға қарамастан шеруге шықты. Әрине, жастарды ешкім елемей, тұтқындады, өлім жазасына кесті. Бұл қорлыққа шыдамаған Сабира Мұхамеджанова жатақхананың терезесінен секіріп қаза тапты. Қандай қасірет, қандай қилы заман.
5 оқушы:Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінің студенті Ләззат Асанова да алаңға шығып, өз қарсылығын танытты. Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Бірақ ол да тәуесіздік жолында қаза болды. 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді.
6 оқушы:
19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі жаралған Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.
7 оқушы:
Қайрат Рысқұлбеков желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Небары 21 жас ғұмыр кешті.
1-жүргізуші:
«…Уақыт қарқыны зымыран. Кешегі күн – бүгінгі тарих. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жилдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деп Елбасымыз Н.Назарбаев Әбішұлы атамыз айтқандай, сол жолдағы жастардың еңбегін қадірлеп, тәуелсіздік туын жоғары ұстау – біздің міндетіміз.
2 Жүргізуші: Оқушылар, ендігі кезекте «Білгенге маржан» айдарында видео ақпарат арқылы Тәуелсіздік жайындағы өздік білімімізді жетілдіре отырып, сұрақтарға жауап берейік.
2 Жүргізуші: Бейнероликтеналған ақпарат негізінде білімімізді тексеріп көрейік, ол үшін Jeopardy Game тақтасына назар аудаырыңыздар! Тақтада сұрақтар беріледі, сіздер 3 команда болып, ұяшық таңдай отырып, ұпай жинайсыздар. Сәттілік!!!
1 Жүргізуші: Осындай салтанатты көңілде Тәуелсіздігімізге арналған өлең жолдарын арнайық:
2 Жүргізуші: Ал енді балалар сөзжұмбақты шешейік.
1) Шәкен Ниязбеков ненің авторы?
2) Желтоқсан көтерілісінің құрбаны?
3) Жер жәннаты?
4) Н.Ә.Назарбаев кім?
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірін ата?
6) Елордамыздан өтіп жатырған өзен?
7) "Тәуелсіздік" сөзінің синонимі?
8) Бес мемлекетпен шекаралас,мұхитқа тікелей шыға алмайтын ел?
9) Мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы қалай аталады?
10) Балқаш көлі алабындағы өзен?
11) Тудың түсі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |