Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты


Л. Асанова, (кім айтады?) Ләззат Асанова



бет3/5
Дата28.11.2023
өлшемі138.23 Kb.
#484616
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тарбие сагаты Айгерим

Л. Асанова, (кім айтады?)
Ләззат Асанова
Асанова Ләззат Алтынайқызы (27. 07. 70, Алматы облысы Жаркент ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. — 25. 12. 86 қайтыс болды, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч - ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Ақиқат. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді. Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және 2004 жылы «Халық қаһарманы»атағы берілді.
С. Мұхаметжанова, (кім айтады?)
Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова
Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында. 26 желтоқсанкүні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден 1 - курс студенті Сабира Мұқанбетжанова жатақхананың 5 - ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсан жылнамасында ол туралы: «1970 жылы туған, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті. Желтоқсанның 21 - 22 күндері Өскеменде болған наразылық шараларына қатысып, 26 желтоқсан күні мерт болды» деп жазылған. Облыстық «Дидар», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерін - де оны «Халық қаһарманы» атағына ұсыну мәселесі де көтерілді. Сол қаһармандардың бірі және бірегейі Сәбира Есімбекқызының қамшының сабындай ғана қысқа да, нұсқа ғұмыры Ақмектеп ауылынан басталып, Өскеменде үзілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет