Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата28.11.2023
өлшемі138.23 Kb.
#484616
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тарбие сагаты Айгерим

Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Видео: 16 желтоқсан
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды. Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік!


Мұғалім сөзі: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын!
Бір оқушы. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16 — желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан — ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Бір оқушы. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Бір оқушы. 1991 жылы желтоқсанның 1 — де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым — ол.

Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ешбір дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Видео: Көк тудың желбірегені.
Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыс. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет