107-сабақ
Бөлім:
|
Қоршаған орта
|
Педагогтің аты- жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақы- рыбы
|
Етістік
|
Оқу бағдарлама- сына сәйкес оқы- ту мақсаттары
|
2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;
2.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу
|
Сабақтың мақ- саты
|
Сөз таптарын, етістікті ажыратады. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың ке- зеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
(5 мин)
|
Психологиялық жағымды ахуал орнату.
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша! Ендеше,
бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.
|
Оқушылар мұғалімнің сөзін қызығушылықпен тыңдап, әрі қарай жалғастырады.
|
ҚБ.
«Отшашу» арқылы бағалау.
|
Танысты- рылым
|
Ортасы
(35 мин)
|
10-жаттығу. Етістікті ажырату. Дәлелдер келтіру.
Аю туралы әңгімелейді.
– Бұл әңгімелеу мәтіні ме әлде сипаттау мәтіні ме?
Мұғалім оқушыларға әңгімелеу мәтіні мен сипаттау мәтінінің ерекшелігін, сұрақта- рын естеріне түсіріп айтып өтеді.
|
Мәтінді оқиды. Не істейді? қайтеді? сұрақтарын қою арқылы етістіктерді табады. Әңгіменің қай түріне жататы- нын анықтайды.
|
«Бас бар- мақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
Сергіту сәті. Көз жаттығулары.
12-жаттығу. «Түлкі мен ешкі» ертегісін- дегі негізгі оқиғаларды естеріне түсіруіне ықпал етіледі. Суреттерге сүйеніп, ертегіні есіне түсіріп, жоспар құрады.
Жоспар:
Түлкінің апанға түсіп кетуі.
Түлкінің қулығы.
Алданған ешкі.
Дескриптор:
суреттерге мұқият назар аударады;
«Түлкі мен ешкі» ертегісін естеріне түсіреді;
суреттерді пайдалана отырып, жоспар құрастырады;
жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгіме- лейді.
13-жаттығу. Жұмбақты оқытып, шешуін табады.
|
Көзге арналған жаттығуларды жасайды.
Суреттерді пайдаланып, оқу- лықта берілген жоспарды жалға- стырып жазады.
Жұмыстарын топта жариялап, оқиды. «Бағдаршам» әдісі арқылы өз іс-әрекеттеріне реф- лексия жасап, бағалайды.
Жұмбақты көшіріп жазып, ше- шуін табады.
|
|
|
14-жаттығу ауызша орындалады.
|
Әр қатардағы артық сөзді тауып, неліктен артық екенін дәлелдейді.
|
|
381
382
|
|
1-қатарда ала, 2-қатарда кітап, 3-қатарда бес сөздерінің артық екенін айтады. Оларға сұрақ қояды.
|
|
|
Соңы
(5 мин)
|
Бекіту
Үлгіге сүйеніп, жұмбақ құрастыру. Жұмыстарын топта оқу. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатын- да жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірін- ші тұрған «Сауатты жазу»; екінші тұрған
«Көркем жазу» дөңгелектері тиісті қарын- даштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.
Үй тапсырмасы. 11-жаттығу. Жаңылт-
пашты жаттап келу тапсырылады.
|
Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орындайды.
«Көбелек» тақырыбына тірек сөздердің көмегімен үлгіге сүйеніп, жұмбақ құрастырып жазады.
Жазған жұмыстарын топта жариялайды.
|
Өзін-өзі бағалайды.
|
|
«Білім сандығы» әдісі арқылы кері байла- ныс береді.
|
Сабаққа, бір-біріне, топ мүше- леріне кері байланыс береді.
|
«Білім сан- дығы» әдісі
|
Стикерлер
|
108-сабақ
Бөлім:
|
Қоршаған орта
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Етістік
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсат- тары
|
2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;
2.2.5.1 дереккөздерден (сөздік/анықтамалық/энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып/сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу;
|
|
2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтін- дерін құрап жазу
|
Сабақтың мақ- саты
|
Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді. Сөз таптарын, етістікті ажыратады.
Дереккөздерден мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып/сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алады. Мұғалімнің көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс- тар
|
Басы
(5 мин)
|
Психологиялық жағымды ахуал орнату.
«Аялы алақан» әдісі.
Мақсаты: жылулық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Бүгінгі сабақтан не алғыларың, не көргілерің ке- леді?» деген сұрақ қойып, сұрақтарға жауап алынады. Бір оқушы жанындағы парталасы- ның қолын ұстайды. Жауаптары шеңбер бо- йымен жалғасады. Осылайша бүгінгі сабақтан не үйренгісі келетіндерін анықтайды әрі
бір-біріне алақан арқылы жылулық сыйлайды.
– Бір-біріңе жылы сөз, жақсы тілек арнаған дұрыс па?
|
Психологиялық ахуалға беріл- ген тапсырманы бірге орындай- ды.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінеді.
|
ҚБ.
«Отшашу» арқылы бағалау.
|
Танысты- рылым
|
Ортасы
(35 мин)
|
15-жаттығуда мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің қай түрі екенін анықтайды.
– Зире қандай өсімдік? Оның жемісін не үшін пайдаланады? Бұл әңгімелеу мәтіні ме
|
«Интервью» әдісі бойынша жұ- бымен бірлесіп, мәтіннің мазмұ- ны бойынша бір-біріне сұрақтар әзірлейді. Дайындаған сұрақта- рын бір-біріне қояды және жау- ап береді. Мәтіннің құрылымын анықтайды.
|
|
|
383
384
|
әлде сипаттау мәтіні ме? сұрақтары төңіре- гінде әңгімелеседі.
Дескриптор:
мәтінді түсініп оқиды;
мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
мәтіннің құрылымын анықтайды;
мәтіннің қай түрі екенін анықтап, дәлел- дейді.
жаттығу жазбаша орындалады. Етістікті тауып, астын сызу. Байланысын табу.
Жұппен жұмыс. Бір-бірінің қатесін тауып, тү- зетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Жұмыстарын топта оқиды.Оқулықтағы түсін- дірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Сергіту сәті. «Ине» артикуляциялық жат- тығуы.
Ауызды ашып, тілді барынша алға қарай созып, ұшын үшкірлеу.
жаттығу ауызша орындалады. Сөздіктен осы етістіктердің синонимін тауып, тал- дау жасауына басшылық жасалады. Топта талқылайды.
Дәптермен жұмыс
19-жаттығу. Шығармашылық үзіліс. Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқиды. Мазмұнын түсініп, берілген сұраққа жауап берулеріне басшылық жасалады. Жұ- мыстарын топта жариялап, талқылайды.
|
Сипаттау мәтіні екенін айтады.
Жұмбақты көркем жазып, шешуін табады. Жұмбақтағы етістіктерді тауып, астын сыза- ды. Олардың қай сөзбен байла- нысып тұрғанын анықтайды.
Шешуі: жеміс.
Сөздерді оқиды. Сыйлау, кезде- су, ұялу, үркіту.
Сыйлау, құрметтеу, ілтипат таныту.
Кездесу, жолығу, жүздесу. Ұялу, имену, қысылу.
Үркіту, қорқыту, сес көрсету.
«Дүниетану» мен «Жаратылыс- тану» пәндерінен өткен білім- дерін еске түсіре отырып, жауап береді. «Ауаның қаси- еті» тақырыбында әңгімелеу, пайымдау бөліктері бар мәтін құрастырып жазады.
|
«Бас бар- мақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Орфогра- фиялық сөздік
Түсіндір- ме сөздік
|
|
Соңы
(5 мин)
|
Бекіту
Құпия түрде жазылған мақалды тауып оқу. Мағынасын талдау.
Үй тапсырмасы. 18-жаттығу. Сұрақтардың орнына қажетті сөзді қойып, көшіріп жазады.
|
Дәптердегі шығармашылық тапсырманы орындайды. Құ- пиялап жазылған мақалды сағат тіліне қарсы бағытта оқиды. Шешуі: Ай жүрсең де, аман жүр.
Мағынасына талдау жасайды.
|
Өзін-өзі бағалайды.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |