Сабақтың басы
2 минут
5 минут
3 минут
Сабақтың
ортасы
5-минут
2-минут
15-минут
2-минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңберін құрып, бір бірлеріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Мақсаты
|
Тиімділігі
|
Ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар арасындағы коммуникация нығаяды, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
|
Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады.
|
Тәрбие бөлімі.
Халықты халық, адамды адам теңестіретін нәрсе не?
Әл Фараби
«Жадылық серуен» әдісі бойынша өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру. Сұрақ қою арқылы.
Көбею дегеніміз не?
Митоздың биологиялық маңызы?
Мейоздың биологиялық маңызы?
Санау арқылы (1 2 3) топқа бөлінеді.
I – гидра
II – медуза
III – жауынқұрт
Көбею жалпы тірі ағзаларға тән қасиет. Тіршілік иелері әртүрлі - жолмен көбейеді. Оларды екі түрлі топқа біріктіреді: жыныстық және жыныссыз көбею. Көбеюдің ертерек пайда болған түрі жыныссыз көбею. Ең алғашқы біржасушалы ағзалар - бактериялар (прокариоттар) жыныссыз жолмен көбейген. Жыныссыз көбейгенде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді.
Жыныстық жолмен көбейгенде гаплоидты хромосомалы гамета лар түзіледі. Бұл жыныс жасушалары ұрықтану үдерісіне қатысады. Табиғатта партеногенез және өздігінен ұрықтану сияқты көбеюдің ерекше түрлері де кездеседі.
Біржасушалылардың негізгі көбею жолы митоз немесе бөліну. Амеба, жасыл эвглена сияқты жәндіктермен бірге өсімдіктерден хлорел- ла, хламидомонадалар да осы жолмен көбейеді.
Бөлшектену (стробиляция) дегеніміз ересек ағза денесінің жеке бөлшектерге бөлінуі. Бөлшектер кажетті ұлпалар мен мүшелері бар - дененің бөлігі. Бұл ағзаның толық қалпына келуін қамтамасыз етеді. Яғни бөлшектену үдерісіне аналық ағза алдын ала дайындалады. Осын- дай жолмен сцифоидты ішекқуыстылардан полиптер, кейбір жалпақ құрттар (16 бөлшекке бөлінеді), теңіз жұлдыздары және кейбір буылтық құрттар көбейеді. Мундай жолмен пайда болған жас ағзалар толығымен аналық ағзаның көшірмесіндей болады. Бүршіктену. Ішекқуыстыларда полип сатысында бөлшектенумен (стробиляция) қатар, бүршіктену де жүреді.
Видеоролик көрсетіледі. Видеоролиті талдау сұрақтары:
- Көбею түрлерін ата.
- Жануарлар ұрықтану типі бойынша нешеге бөлінеді?
- Бөліну арқылы көбейетін қарапайымды?
|